«Ізгілік жаршысы-Мұхаммед» атты рухани мәуліт іс шара
Көрулер: 659
Республикалық деңгейде өткен іс-шараға Нұр клубы аясында "Рухорда" Діни мәдени медресе, мұражай мен кітапханасы және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары қатысты.
Рухани мәуліт кешіне осы мұражайдан арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрменің ұйымдастырылуына атсалысқан Дінтану мамандығының 2-курс студенттері және топ эдвайзері, кафедраның аға-эдвайзері Мұқан Нұрзат
Мерекелік кешке Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мырза қатысты. Көрермендерге арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Өнер қырандары театры, эстрада жұлдыздары, ақын-жазушылар өз шығармашылығы мен өнерін паш етті. Пайғамбарымызға (с.ғ.с) көпшілікпен бірге салауат айтылып, мадақ етілді. Бұл кеш көрерменге сауабы мен пайдасын тигізіп және жанға рухани азық бола алды. Кештен түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.






