Коммуникацияны тиімді басқару

29.09.2023

Көрулер: 1002

Философия және саясаттану факультетінің деканы Мейрбаев Бекжан Берікбайұлы өзінің алғысөзінде бұл семинардың қажетті, әсіресе цифрландыру жағдайындағы маңыздылығын атай отырып, «Біз Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасына, Алматы қаласының Азаматтық Альянсына қолдау көрсеткендері үшін алғысымызды білдіреміз. Еліміздің азаматтарының тиімді коммуникациялық құралдарды пайдалануы Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал етеді» деді.

Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының меңгерушісі Насимова Гүлнар Өрленбайқызы «Оқу барысында біздің студенттер коммуникация бойынша бірқатар пәндерді тыңдады. Дегенмен, бүгін олар коммуникацияның тәжірибелік дағдыларын алды» дей отырып, бүгінгі семинардың өзектілігін атап өтті.  

Студенттер коммуникация процесінің мазмұны, коммуникация тиімділігін арттыру принциптері, ақпараттарды беру және қабылдау мәселелері туралы білімдерін тереңдете түсті. Семинар-тренинг барысында жұмыс тиімді коммуникациялық құралдарды іс жүзінде қолдануға және байланыс арналарын басқаруға бағытталды. Мемлекеттік органдар мен халық арасындағы коммуникацияға ерекше көңіл бөлінді.

Семинар-тренингке қатысқан студенттер сертификат алды.