«6В03106-Саясаттану» мамандығы бойынша студенттердің Республикалық пәндік олимпиада

28.04.2023

Көрулер: 692

Конкурстық комиссияға PhD докторы, «Тұран» университетінің «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының доценті Төлен Ж.М. төрағалық етті және шараның бастауалды сөзін сөйлеп, сайыскерлерге сәттілік тіледі.

Қатысушылар жұмысты жеке немесе студенттер тобымен (командада 3 адам), ғылыми жұмыстарға/жобаларға қойылатын барлық талаптарды сақтай отырып орындады. Сайыскерлер ұсынылған тақырыптарды жан-жақты, ғылыми тұжырымдарға сүйеніп, мазмұндық сипатын аша білді. Ғылыми жобалардың перспективті бағдарын, болашақта қолдану мүмкіндіктерін, тиімділік картасын ұсынды.

Комиссия мүшелері олимпиада сайыскерлерінің ұсынған жұмыстарын терең талқылап, келесі жеңімпаздарды марапаттауға ұсынды:

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің І-дәрежелі дипломымен (1 команда)

  1. Хамзаева Ф.Ж. (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.)

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің II дәрежелі дипломдарымен (2 команда)

  1. Ғалымжан А.М. (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.)
  2. Халелов О., Айкенова С., Кусаинов У. (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.)

 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің III дәрежелі дипломдарымен (3 команда)

  1. Искаков Е.М., Каримов Д.Н., Торебек А.К. (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.)
  2. Алигожина С.Е. (КЕАҚ «Торайғыров университеті», Павлодар қ.)
  3. Усенова З., Мақсат М. (Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ, Қарағанды қ.)