Жаһандық сын-қатерлер жағдайында дене шынықтыру, спорт және жастар саясаты

17.11.2022

Көрулер: 397

Конгресстің пленарлық отырысын университет ректоры В.А. Кокшаров ашты және бірқатар жетекші федералды спикерлердің баяндамалары тыңдалды. 

Конгресс жұмысына әр семлекеттің жетекші ғалымдары, университет ректорлары, аталған мамандықтар бойыншамаман даярлайтын факультет басшылары, жас ғалым зерттеушілер қатысты. Секция жұмысына ұсынылған тақырыптар аясында дене шынықтыру мен спорттық цифорлық тронсформация, спорттық жаттығулардың заманауи технологиялары, қазіргі заманғы қонақжайлылық индустриясының даму троекториялары, спортты дамытудағы жастар саясатының драйверлері мәселелері терең талқыланып, тұжырымды ой-пікірлер ұсынылды. 

Халықаралық конгреске әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультетінің деканы Мейрбаев Бекжан Берікбайұлы онлайн-форматында қатысып, институттың 90 жылдығына арналған құттықтауын жеткізді. Институт дайындайтын мамандықтардың маңыздылығын, оқыту процесіндегі жетекші ұтымды бағыттарын атап өтті. Сонымен қатар мамандардың заманауи білім кеңістігіндегі үлкен сұранысқа ие екендігін негіздеп, ғылыми тұрғыда серіктестікті әрі қарай жалғастыруды ұсынды