Ынтымақтастық, зерттеулер және жобалар: "Қазақстан мен Орталық Азияның әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі мәдени контексті" атты халықаралық Workshop

06.10.2022

Көрулер: 730

Ғалымдар Hok Bun KU пен доктор Yip Sui Kan қолданбалы әлеуметтік ғылымдар кафедрасының өкілдері болып табылады, бұл тұлғалармен кафедра өте тығыз ынтымақтастық орната білді. Сапар аясында Қазақстанның жетекші әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдары – кафедра практиктерінің базаларына арнайы барды, олардың тәжірибесі практиктер мен зерттеушілер қауымдастығына ерекше және қызықты болды: "Ковчег" жеке меншік балалар үйі, "Ана Үйі" қайырымдылық қорының Аналар үйі және Мүгедек балалар ата- аналары қауымдастығы (АРДИ).

      Ағымдағы жылдың шілде айында кафедраның бірлескен халықаралық зерттеу жобасын іске асыру қолға алынды. Жобаның мақсаты әлеуметтік жұмыс тәжірибесінің үлгілерін құру және ілгерілету, Қазақстан, Гонконг, Қытай және Орталық Азияның оқытушылары мен әлеуметтік жұмыс практиктері арасында академиялық және кәсіби алмасу болып табылады.