«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИ АНТРОПОЛОГИЯ: ҚАЛЫПТАСУЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ, БОЛАШАҒЫ» атты халықаралық дөңгелек үстел

24.11.2021

Көрулер: 1247

Шараның модераторлары философия ғылымдарының докторы, профессор Ғабитов Тұрсын Хафизұлы мен философия ғылымдарының докторы, профессор Жолдубаева Ажар Қуанышбекқызы тақырыптың өзектілігі туралы баяндама жасап, дөңгелек үстелге қатысушылармен: Қалмақ мемлекеттік университетінің философия және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі (Ресей Федерациясы), философия ғылымдарының докторы, профессор Бадмаев Валерий Николаевич, Ибн Сино атындағы Бұхара медициналық университетінің кафедра меңгерушісі (Өзбекстан), философия ғылымдарының докторы, профессор Шадманов Курбан Бадритдинович, ҚР БҒМ ҒК философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Косиченко Анатолий Григорьевич және «Философиялық конгрес» ҚБ атқарушы директоры, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Философия орталығының бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Сағиқызы Аяжанмен тақырып төңірегінде пікір алмасты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті, философия, саясаттану және дінтану институты, әл-Фараби атындағы орталығы және «Қазақтану» орталығының ұйымдастырумен өткен шарада мәдени антропологиядағы өзекті мәселелер қозғалып, Қазақстандағы осы ғылымның қалыптасуы, бүгіні мен болашағы талқыланды.