Жастардың инновациялық әлеуеті: спорт, мәдениет, білім
Көрулер: 1788
Конференцияның негізгі мақсаттары мен міндеттері: студенттерді, жас ғалымдар мен практиктерді 2023 жылы Дүниежүзілік студенттік ойындарды дайындаумен байланысты тиімді шешімдерді іздеуге кеңінен тарту, дене шынықтыру және спорт проблемаларын, спорттық мегақұрылыстың әлеуметтік-мәдени аспектілерін зерттеу, жас ғалымдар мен студенттер арасында ғылыми байланыстар орнату, ғылыми және практикалық жетістіктермен алмасу, зерттеу нәтижелерін нақты практикаға енгізу мүмкіндіктерін талқылау.
Конференцияға студенттер, жас ғалымдар мен оқытушылар, аспиранттар мен докторанттар; қоғамдық ғылымдар, дене шынықтыру және спорт саласындағы жас мамандар, әлеуметтанушылар, экономистер, саясаттанушылар, жастармен жұмыс саласындағы мамандар; мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері; спорт клубтарының, Федерациялардың және лигалардың басшылары; 2023 жылы Дүниежүзілік студенттік ойындарды ұйымдастыруға қатысатын дене шынықтыру және спорт саласында өз қызметін жүзеге асыратын қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің өкілдері қатысты.
«2023 жылғы Дүниежүзілік студенттік ойындардың әлеуметтік-мәдени аспекті: келешегі мен үміті» пікірталас алаңының модераторы болып әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, философиялық ғылымдар докторы Жолдубаева Ажар Қуанышбекқызы сөз сөйледі.
«Мәдениет және спорттық іс-шаралар: өзара қарым-қатынас ерекшеліктері» және «Білім және дайындық спорттық менеджменттің ажырамас бөлігі ретінде» секцияларына «мәдениеттану» мамандығының 2 курс phd докторанттары Төлеп Д.М. (Қазіргі қазақстандық суретшілер картиналарындағы гендерлік мәселелер), Сариева А.Т. (Қашықтықтан білім беру қазіргі Қазақстанның жаңа мәдени болмысына бейімделу тетігі ретінде), 2 курс магистранттары Гиджанова А.К. (Қазақстандағы мәдени туризмді дамытудағы ұлттық өнер артефактілерінің рөлі мен маңызы) және Смағұлова Ж.С. (Арт-менеджмент мәдениет пен өнер саласындағы басқару қызметінің кешенді жүйесі ретінде) қатысып, баяндама жасады.
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы






