Білім берудегі бәсекеге қабілетті тұлғаны дамытудың қазіргі заманғы тенденциялары
20.02.2021
Көрулер: 1660
Конференцияға қатысушылар қазіргі психология-педагогика білімінің өзекті мәселелері мен Қазақстандағы психологиялық білім сұрақтарын, жас қазақстандықтардың ұлттық біркелкіліктеріндегі этнопедагогика мен этнопсихологияның рөлін талқылады.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ: Қазіргі таңдағы психологиялық ғылымның өзекті мәселелерін Т.Т.Тәжібаев идеялары контекстінде талқылау және олардың шешімдерін іздеу; ғылыми және қолданбалы нәтижелермен және зерттеу тәжірибесімен алмасу; ғалымдар, оқытушылар, студенттер,магистранттар, докторанттар және қызығушылық танытушы тұлғалар арасында ғылыми теориялық және тәжірибелік білімдерді тарату.






