Ислам философиясы

27.11.2020

Көрулер: 1954

Вебинарлар сериясы барысында тыңдаушыларға лекция материалдары алдын-ала оқуға беріліп, вебинар барысында профессор қойылған сұрақтарға жауап берді. Профессор Сирос Висилиос ұсынған көзқарастар мен жаңа зерттеулер докторанттар мен магистранттардың қызығушылығын тудырды. Әсіресе, “жұмсақ күш” және “қатты күш”, Ибн Халдунның саяси-философиялық көзқарастары, Осман империясы, Орталық және Шығыс Азия тақырыбындағы лекциялар қызу талқыланды. Сирос Василос бірнеше тілдік еркін меңгергендіктен көптеген тарихи деректерге негізделген тарихи әрі саяси тың пікірлермен бөлісті. Вебинарлар желісі Zoom платформасында қашықтан (онлайн) өтті.