ҚазҰУ-дың дінтану және мәдениеттану кафедрасы магистранттары ғылыми тағылымдамасын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде өтті
27.04.2020
Көрулер: 1983
Zoom платформасында тағылымдама аясында Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, дінтану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Зікірия Жандарбек «Мәдени ұқсастықтар және қоғамдағы дін қызметінің айырмашылықтары», «Ислам мәдениеті мен өркениеттің басқа да өркениеттермен қарым-қатынасы», «Ислам және толеранттылық», «Мультимәдени қоғамдардағы қатар өмір сүру» атты дәрістер өткізді. Семинар қатысушылары талқыланған тақырыптарды талқылауда белсенділік танытып, қызықтырған сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті.
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы






