ДӘУІР ТУДЫРҒАН ТҰЛҒАЛАР

08.02.2019

Көрулер: 1982

Қазақ әдебиетінің классиктері, академик-жазушылар С. Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің рухани мол мұраларын ұрпақ игілігіне жарату, насихаттау, тану, зерделеуді мақсат тұтты.  

Кеш қонағы Халықаралық Айтматов академиясының және ҚР Әлеуметтік Ғылымдар академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, С.Демирел атындағы қазақ-түрік университетінің профессоры, Түркология саласындағы аса зор жетістігі үшін Күлтегін атындағы сыйлықтың лауреаты Дандай Ысқақұлы ұлы даламыздың ұлы тұлғалары туралы, ұрпақ жалғастығы, дәстүр сабақтастығы, ана тіліміздің қазіргі ахуалы, рух пен сананың оянуы төнірегінде өз ойларын ортаға салды, кешке қатысушылардың көптеген сауалдарына жауап берді. Кешті ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің жетекшісі Әділғазы Қайырбеков жүргізіп отырды.

Кешке зиялы қауым өкілдері, музей және кітапхана қызметкерлері, М.Тынышбаев атындағы Алматы көлік колледжінің студенттері (жетекшісі – Индира Хамидулина), сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты Құдайбергенов Серғазы қатысты.