Алматы облысының Дін істері Басқармасына қарасты «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» ҚММ мамандарымен кездесу
Көрулер: 2603
Кездесудің негізгі мақсаты кафедра мен орталық арасында теориялық және практикалық тәжірибе алмасу. Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Құрманалиева Айнұр кафедра аясында жұмыс жасайтын «Дінтанулық зерттеулер және экспертиза орталығының» жұмысы, дінтанушы мамандардыдаярлаудағы оқу-әдістемелік мәселелері туралы оймен бөлісті.
Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының директорының орынбасары Әлі Айгүл Манапқызы өз тарабынан дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұжымымен бірігіп жұмыс жасау жолындағы бірнеше ұсыныстарын берді.
Кездесуді ұйымдастырушы кафедра профессоры Борбасова Қарлығаш облыс деңгейінде дінтану сабағын оқытушы ұстаздардың біліктілігін көтеру және жастарды рухани тәрбиелеуде ортақ іс-шаралар жасау мүмкіндіктері туралы айтты.






