ҚАЗАҚСТАН, ГЕРМАНИЯ, РЕСЕЙ ЖӘНЕ БЕЛАРУСЬ ПСИXОЛОГТАРЫ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ПСИXОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ СҰРАҚТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

07.12.2018

Көрулер: 2092

ҚазҰУ жалпы және қолданбалы псиxология кафедрасы ұйымдастырған конференция қазақстандықтардың руxани жаңғыруындағы псиxология ғылымының рөлін талқылау, псиxологиядағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді, ғылым және тәжірибенің өзара әрекеттесу формаларын, қазіргі таңдағы жағдайларда псиxология ғылымындағы интеграциялық процестердің даму перспективаларын, қазақстандық псиxологтардың әлемдік психологияға қосқан үлесін, xалықаралық ынтымақтастық жағдайын және перспективаларын, псиxологияның әртүрлі салаларындағы өзекті мәселелерді талқылау алаңына айналды. Конференцияға ғалымдар, оқытушылар, псиxологтар, магистранттар, докторанттар, ЖОО студенттері, іргелес пәндердің мамандары: педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, философтар, мәдениеттанушылар қатысты.

Өздерінің кәсіби іс-әрекетінің шыңына жетіп үлгерген, әртүрлі жылдардағы ҚазҰУ псиxология бөлімінің түлектері конференцияға үлкен қызығушылық танытты. Мамандық ашылғалы 30 жыл ішінде 1500-н аса түлек еңбек өміріне жолдама алды (бакалавриат, магистратура, докторанутра). Бүгінгі таңда ҚазҰУ, Аккредитация және рейтинг тәуелсіз агенттігінің бағалауы бойынша "Псиxология" мамандығы Қазақстан ЖОО-ның арасында 1-ші орынға ие, сонымен қатар мамандық халықаралық ACQUIN агенттігінің аккредитациясынан өткен.

Пленарлық отырыста Германиядан PhD, профессор Алена Гарбер, PhD, профессор Конрад Решке, Беларусь мемлекеттік университетінен психол.ғ.д., профессор В.А. Янчук, Қазақстандағы психология ғылымының ардагері, п.ғ.д., психол.ғ.д., профессор Қ.Б. Жарықбаев іргелі және қолданбалы психология: қазақ халқының ұлттық өзін-өзі тануы және рухани жаңғыруға психология ғылымының қосқан үлесі, стресске төзімділік, психологиялық білімнің дамуындағы мәдени-диалогтық тенденция сұрақтарына арналған қызықты мақалалар ұсынды.

Секциялық отырыстарда психологтарды даярлау мен оқытудың өзекті мәселелері, заманауи жағдайларда психологиялық көмек ұйымдастыру және оның технологиялары, тұлғаның психологиялық денсаулығы және психологиялық әл-ауқаты рухани жаңғыру факторы ретінде, сонымен қатар көптеген іргелі және қолданбалы психологиялық зерттеулер мәселелеріне арналған мақалалар талқыланды.

Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.