«Салауатты дене мәдениеті» жобасы аясында

17.09.2017

Көрулер: 4049

Вело шеру бағыты Масанчи көшесіндегі Саясаттану және философия факультеті факультеті оқу ғимаратының алдынан басталып, Шевченко және Қонаев көшелерінің бойындағы арнайы велосипед жолағы арқылы 28- гвардияшыл-панфиловшылар атындағы паркке дейін, одан әрі Гоголь көшесінің бойындағы арнайы велосипед жолағы арқылы Орталық мәдениет және демалыс паркіне дейін жалғасады. «Дені саудың - жаны сау» деген аталы сөзді ескере отырып, денсаулығы мен спортқа бей-жай қарамайтын барлық профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттерді, магистранттар мен докторанттарды спорттық велошеру мерекесіне белсенді қатысуға шақырамыз.

Ұйымдастырушы – Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы. Үйлестіруші - Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының профессоры, с.ғ.д. Мұсатаев С.Ш.