«Мәдениеттер диалогы»

07.12.2017

Көрулер: 8546

Өткен орны: Шығыстану факультеті, 535-537 аудитория, Қарасай батыр 95.

Өткен уақыты: 7 желтоқсан 2017, 18:00 - 18:50.

Ұйымдастырушылар: жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушысы Сатыбалдина Н.К., түркітану, аударма ісі, шетел филологиясы, шығыстану, халықаралық қатынастар мамандықтарының бірінші курс магистранттары.

Тақырыбы: Мәдениеттер диалогы

Іс-шараның мақсаты:

білім беретін: студенттерді мәдениеттің негізгі түсініктерімен таныстыру, мәдениеттердің бар болуы мен дамуы үшін диалогтың маңыздылығын көрсету. Жапон, корей, түрік және қырғыз этнос мәдениетінің аспектілерін қарастыру.

дамыту: студенттердің мәдениеттерді талдап, салыстыру мүмкіндігтерін дамыту.

тәрбиелік: студенттерді түрлі мәдениеттерді құрметтеп, халықаралық ынтымақтастық рухында тәрбиелеу.

Материалдар: әртүрлі мәдениеттер бойынша магистранттардың презентациялары, плакаттар, иллюстрациялар, әдістемелік әдебиеттер.

Мәдениеттің нысаны - мәдениеттер диалогы.

Іс-шараның кезеңдері:

Ұйымдастыру кезеңі:

Бірінші курс студенттері барлық қатысушылар мен қонақтарды қарсы алады. Магистранттардың мәдениеттер диалогы туралы сұхбаты.

Кіріспе бөлімі.

Оқытушының іс-шараның тақырыбын және мақсатын хабарлау. Мәдениеттер диалогы туралы оқытушының негізгі ақпаратпен кіріспе сөзі.

Негізгі бөлім

Іс-шара барысында Қытайдан келген магистранттар белсенді қатысты. Олар Қытай мәдениеті туралы әңгімеледі. Мәдениеттер диалогы – мәдениеттің негізгі нысаны болып саналады. Мәдениеттер ұлттық дәстүрлердің арқасында дамып келе жатыр. Орыс, қытай, американдық және басқа да мәдениеттер бар. Қазіргі таңда мәдениеттердің болуы және дамуы үшін оардың диалогтары, өзара әрекеттесуі маңызды, сондай-ақ жеке өз ерекшіліктерін сақталуы қажет.

Мәдениеттердің табысты диалогы үшін келесі шарттарды орындау керек: олар бір-біріне ашық болуы керек және мәдениеттердің теңдігі мен бір-біріне құрметпен қарау қағидаты ұсталу керек.

Философ М.М. Бахтинге сәйкес өз мәдениетіңді жақсы түсіну үшін, бір-жақтылыққа қарамай, басқа мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас құру қажет.

Магистранттар түрлі елдердің мәдениеті мен салт-дәстүріне арналған презентацияларды ұсынды.