Қазақстан Республикасы Президентінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісімен кездесу

14.03.2018

Көрулер: 2952

Кездесуге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтік даму жөніндегі проректор Ш.Е.Жаманбалаева, философия және саясаттану факультетінің деканы, профессор А.Р. Масалимова, дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі А.Д. Құрманалиеваның «Дінтанушы – ислам теологиясы бойынша сарапшы», «Дінтанушы –христиан теологиясы бойынша сарапшы», «Дінтанушы – жаңа діни ағымдар бойынша сарапшы» бағыттары бойынша дінтану мамандарын даярлауға қатысты және қазіргі әлемнің жаңа талаптарына сай түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары сапада болуына байланысты баяндамасы тыңдалды.

Сондай-ақ, «Дінтану» мамандығы бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейінде мамандарды дайындау туралы айтылды. Кездесу барысында діннің өткір және өзекті мәселелері, сондай-ақ діни зерттеулер бойынша оқулықтар мен кітаптардың сапасын арттыру және жетілдіру мәселелері көтерілді.

 

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

Оқытушысы А.Н. Карыбаева