Сидней Олимпиадасының чемпионымен кездесу

16.02.2018

Көрулер: 2957

Әңгімесін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласының негізгі түйіндеріне сүйене отырып өрбіткен қонағымыз өмірлік мақсатты дұрыс таңдаудың маңыздылығы, оған жету жолында талмай еңбектену, салауатты өмір салтын ұстану, адами құндылықтарға ұмтылу және адамның тұлға болып қалыптасу жолдарында кездесетін тағы басқа мәселелер туралы ойларымен бөлісті. Өзінің туған жері Тараз өңірінен шыққан танымал спортшылар туралы да баяндап берген чемпионға жастар көптеген сұрақтар қойып, батыр Ермаханның балалық шағы, өскен ортасы, отбасы, достары мен әріптестері туралы қызықты да мазмұнды жауаптар алды.

Ойы терең, тілі шешен, уақытының тығыздығына қарамастан жастармен жүздескен Ермахан Ибраимовқа кафедра меңгерушісі Г.Ж.Нұрышева алғысын жеткізіп, философиялық кітаптар сыйлады. Өрлей беріңіз, қазақтың батыр азаматы!

Философия және саясаттану факультеті

Философия кафедрасы