Шэньси технология және ғылым университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультеті арасындағы болашақ жоба жұмыстары талқыланды

29.09.2023

Көрулер: 323

25.09.2023-28.09.2023 аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультетінің деканы Құрманбаева М.С. мен  Шэньси технология және ғылым университетінің (Сиань, ҚХР) профессоры Джиан Джа (Jian Zha) арасында іскерлік кездесу өтті. Кездесу барысында Шэньси технология және ғылым университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультеті арасындағы болашақ жоба жұмыстары талқыланып, магистрлар және докторанттардың  ғылыми-тағылымдама өту мүмкіндігі айқындалды. Сонымен қатар, профессор Джиан Джа “Metabolic engeneering of E.coli for the production of anthocyanin” тақырыбында дәріс оқып, өзінің микробиология және молекулалық биология саласындағы тәжірибесімен бөлісті.