ENSAIA-мен BioWare (магистратура) білім беру бағдарламасы бойынша қос диплом бағдарламасын ұзарту туралы келіссөздер

21.09.2023

Көрулер: 351

12 қыркүйекте ENSAIA университетінің басшылығымен ENSAIA университетімен BioWare (магистратура) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биотехнология (магистратура) бірлескен қос дипломдық білім беру бағдарламаларын ұзарту бойынша келіссөздер өтті. Жыл сайын ENSAIA-да Абай-Верн бағдарламасы аясында 6 магистрант білім алуда, олар Нанси қаласында 1 жылдық оқудан өтеді, сонымен қатар Францияның жетекші ғылыми институттары мен өндірістік кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтеді.

Биылғы жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның биотехнология кафедрасында биотехнология бағытында оқып жатқан алты магистрант Ecole Nationale Superieure d’ Agronomie және des Industries Alimentaires университеті Нанси қаласында, Францияда 1 жыл оқып, қос диплом алды.

Іссапардың нәтижесінде франциялық серіктестеріміз ҚазҰУ делегациясы университетімізге келді және қос дипломды бағдарламаны ары қарай ұзартуға байланысты келісімдер жүргізді деген мазмұнда өз газеттерінде қысқаша мақала шығарды.