БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН НЫҒАЙТУҒА ҮЛЕС ҚОСУДА

15.09.2023

Көрулер: 425

2023 жылдың 7-14 қыркүйек аралығында Қытай Ғылым академиясының Тяньцзинь өндірістік биотехнология институтының (TIB CAS) ғалымдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне іс-сапарға келді. Тяньцзинь өнеркәсіптік биотехнология институты (TIB) - жоғары өнімді скрининг, жүйелік биотехнология, ферменттеу процесін оңтайландыру, эксперименттік сынақтар және геном синтезі үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған ірі ғылыми орталық. Биология және биотехнология факультеті 2021 жылдың 14 сәуірінде Биотехнологиялық өндірістер альянсына қосылды және 27 елдің университеттері мен ғылыми-зерттеу институттарын қамтитын COMSATS бірлескен өндірістік биотехнология орталығының (CCIB) мүшесі болып табылады.

Осы айтулы сапар аясында Bio-Agriculture TIB CAS тобының бас үйлестірушісі, профессор Чжиюнг Хуанг және профессор Джинджин Ванг биология және биотехнология факультетінің деканы М.С. Құрманбаевамен достық кездесу өткізді, онда екіжақты ынтымақтастық перспективалары және биотехнология саласындағы тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Факультет деканы, биология ғылымдарының докторы, профессор М.С. Құрманбаева TIB CAS-пен халықаралық ынтымақтастық мемлекетаралық бағдарламалар аясында ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мүмкіндіктеріне байланысты факультет үшін қызықты екенін атап өтті. Бұл екі тараптың тығыз ынтымақтастықта болуына және өзара байланыстарының кеңеюіне септігін тигізетіні сөзсіз, сонымен қатар биотехнология саласында өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға және оларды технологиялар саласында жүзеге асыру үшін үлкен нәтижелер алуға мүмкіндік береді.

Ғалымдар биология және биотехнология факультетінің ғимаратымен, ғылыми зертханаларымен және инфрақұрылымымен танысты. Сондай-ақ университет бойынша экскурсия ұйымдастырылып, оның барысында оқу орнымыздың академиялық және мәдени аспектілері таныстырылды.

Сапардың басты аспектілерінің бірі Tianjin SynBio бағдарламасының қолдауымен Bio-Agriculture саласында бірлескен зерттеулер жүргізу болды. Биология және биотехнология факультетінің жас ғалымдары, б.ғ.к., доцент Садвакасова А.Қ. және PhD Бауенова М.О. жетекшілігімен синтетикалық микробтық тыңайтқыштар мен биопестицидтерді зерттеу және дамыту атты жобалар саласында Tianjin SynBio бағдарламасы бойынша қаржыландыру ұтып алды. Бұл жобалардың екі ел үшін жоғары стратегиялық маңызы бар. Ауыл шаруашылығы технологияларына, атап айтқанда күріш өсіруге биотыңайтқыштарды енгізу ауыл шаруашылығы жүйелерінің тұрақтылығын арттырудың, қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтудың және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттырудың негізгі элементі болып табылады. Осы жобаларды жүзеге асыру мақсатында біздің қонақтар тәжірибе нәтижелерін талдау үшін Қазақстанның күріш алқаптарына барды.

Сондай-ақ, Bio-Agriculture тобының бас үйлестірушісі, профессор Чжиюнг Хуанг факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, жас ғалымдары мен студенттері үшін кіріспе лекциясын оқып, оның барысында TIB ҒЗИ құрылымымен, сондай-ақ олардың зерттеулерімен және агробиотехнология саласындағы дамуы туралы толық таныстырды.

Ғалымдарымыздың бірлескен зерттеулерге қосқан үлесін ерекше атап өтіп, бұл бағыттағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.

Биология және биотехнология факультеті TIB CAS-пен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуді мақсат етеді. Сондықтан бұл сапар отандық ғылымның жаһандық деңгейде дамуына ықпал ететін ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайтудың бастамасы ғана.