SDG (ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ) АЯСЫНДА МОЛЕКУЛЯРЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОКТОРАНТТАРЫНА АРНАЛҒАН ВЕБИНАР

12.09.2023

Көрулер: 459

8 қыркүйекте ZOOM платформасында онлайн-форматта молекулалық биология және генетика кафедрасының 1 курс докторанттары Таскужина Айша мен Кенжебекова Розаның аштықты жоюға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тамақтануды жақсартуға және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына арналған вебинары өтті.

Вебинар аясында докторанттар даярлаған баяндамаларында жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін ғылыми зерттеулерінің маңыздылығы туралы айтты.

Кенжебекова Роза картоптың вирустары мен вироидтарын зерттеумен, ал Таскужина Айша - жабайы алма ағаштарының генетикалық потенциалы мен фитопатологиялық статусын зерттеумен айналысады.

Олардың жұмыстары қазіргі заманауи ауыл шаруашылығы үшін орасан зор практикалық құндылыққа ие, жергілікті картоп сорттарының өнімділігін арттыруға және қолайсыз жағдайларға төзімді алма ағаштарының жаңа сорттарын жасауға мүмкіндік береді.

Екі докторант та өз зерттеу жұмыстарын Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының молекулалық биология зертханасының меңгерушісі, PhD Гриценко Диляра Александровнаның жетекшілігімен жүргізеді.