Молекулалық биология және генетика бойынша біліктілікті арттыру курстары

24.04.2023

Көрулер: 833

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушылары «Молекулалық биология және генетика» кафедрасының базасында «Молекулярлық биология» және «Генетика» курстарынан біліктілігін арттырудан өтті.

2023 жылдың 10 сәуірі мен 22 сәуірі аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушылары Нұрғалиева Айман Қалидуллақызы және Тәпешова Шаттық Жәнібекқызы сәйкесінше 72 сағат көлемінде «Генетика» және «Молекулалық биология» курстары бойынша біліктілігін арттырудан өтті. Курстардың дәріскері – кафедра меңгерушісі, б.ғ.к., м.а доценті Жүнісбаева Ж.Қ.

Біліктілігін жоғарылатушылар тек теориялық білім алып қана қоймай, әртүрлі молекулалық-генетикалық әдістерді де меңгерді.

Молекулярлық биология және генетика кафедрасы үнемі біліктілікті арттыру курстарын өткізіп келеді. Осы жыл ішінде «Торайғыров университеті» КЕАҚ-ның, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Шәкәрім атындағы университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті   секілді ЖОО-лардың оқытушылары біліктіліктерін арттырды.