ҚАЗҰУ ПРОФЕССОР МУРЗАХМЕТОВА МАЙРА КАБДРАУШҚЫЗЫҢ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ

17.02.2023

Көрулер: 558

Қазақ Ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы Мурзахметова Майра Кабдраушқызын 75 жылдық мерейтойымен құттықтайды.

Майра Қабдраушқызы Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетін үздікпен бітірді. Өзінің қызмет жолын АММУ-нің қалыпты физиология кафедрасында аға лаборанттықтан бастап, Генетика және физиология институтында ұзақ жылдар бойы аға лаборанттықтан  лаборатория меңгерушісі лауазымына дейін қызмет атқарған болатын. Мембрана физиологиясы және биохимиясы саласында жетекші маман болып табылады. 2015 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының профессоры болып жұмыс атқарып келеді.

Майра Қабдраушқызы өзін сауаты жоғары және талабы зор, күрделі заманауи биохимиялық және физиологиялық зерттеу әдістерін бірдей жақсы меңгерген ғалым ретінде көрсетті. Оның ұйымдастырылуымен жасалатын ғылыми зерттеу жұмыстары ерекше: организмге стрестік факторлардың әсері кезінде клетка мембраналарының құрылымдық-функционалдық өзгерістерінің механизмдерін анықтауға  арналған. Сонымен, Мурзахметова М.Қ. басшылығымен жергілікті өсімдік текті шикізаттан бөлініп алынған табиғи биологиялық белсенді қосылыстарды сараптау бағытында зерттеу жұмыстары жасалып отыр. Скринингті зерттеулердің нәтижесінде гепатопротекторлы қасиеті бар өсімдік композициясы жасалынды және де бұл бағыттағы ізденістер жалғасуда.

Қыргызстан Республикасы тау-кен физиология институты кезіндегі денсаулық сақтау министрлігінің И.К.Ахунбаев атындағы ҚҰМА Д.03.16.533 диссертациялық кеңесінің мүшесі.

Факультет деңгейінде Майра Кабдраушевнаның 75 жылдық мерейтойы аталып өтті, соған орай «әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» төс белгісімен және Парасат ұйымының Алғыс хатымен марапатталды

Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы Майра Мурзахметованы мерейтойымен шын жүректен құттықтап, жаңа кәсіби белестер мен шығармашылық табыс тілейді.