УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ӨТКЕН «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ 3-СЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

08.04.2023

Көрулер: 463

Молекулалық биология және генетика кафедрасының ұйымдастыруымен 3 секция «Генетика, молекулалық биология және экологияның өзекті мәселелері» бойынша барлығы 46 тезис жинақталды, оның ішінде 2 тезис Әзірбайжан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің молекулалық биология және биотехнология институтынан, Masters student of the Molecular and Biotechnologies, Tashkent pharmaceutical institute, Genetics and Plants Experimental Uzbekistan Biology Academy of Sciences институтынан 3 тезис, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дан 5 тезис, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен 36 тезис жиналды.

Студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби әлемі" халықаралық конференциясының «Генетика, молекулалық биология және экологияның өзекті мәселелері» атты 3 секциясы бойынша 16 баяндама тыңдалды.

16 баяндама әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен.

Комиссия құрамында молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушылары: б.ғ.к., доцент м.а. Жунусбаева Жазира Кабуловна, PhD, аға оқытушы Ловинская Анна Владимировна, PhD, аға оқытушы Жусупова Айжан Избасаровна, PhD, доцент м.а. Тайпакова Сәбира Мықтыбекқызы болды.

Комиссия жүлделі орындарды төмендегідей тағайындады:

"Генетика, молекулалық биология және экологияның өзекті мәселелері" секциясы бойынша бірінші орын алған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс магистранттары А. Ж.Кауысбеков, С. С. Бакиев ректор дипломына ұсынылды. Баяндаманың тақырыбы: «Пептидогликан-байланыстырушы EXEA домені бар эндолизиннің химерлі конструкциясын құрастыру және бактерияға қарсы белсенділігін тексеру». Сондай-ақ, кафедра атынан 50 000 (елу мың) теңге көлемінде стипендия тағайындалды.

"Генетика, молекулалық биология және экологияның өзекті мәселелері" секциясы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенттері Мүсілова Ж.А., Базаркулова Д.Е., Манапқызы Д. екінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Баяндама тақырыбы: «Сайт бағытталған мутагенез әдісі арқылы адамның тимин-гликозилазасының белсенділігін өзгерту».

"Генетика, молекулалық биология және экологияның өзекті мәселелері" секциясы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенттері Омарова Ә.М., Кульболдин Т. С. екінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Баяндама тақырыбы: «Еділбай қой тұқымына филогенетикалық сипаттама беру». Екінші орын үшін 50 000 (елу мың) теңге көлемінде стипендия тағайындалды.

"Генетика, молекулалық биология және экологияның өзекті мәселелері" секциясы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенттері Абугалиева Г.М., ЕркіноваХ.Е., Жүсіпбекқызы А. үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Баяндаманың тақырыбы: «Құтыру вирусының G-белогын прокариотты жүйеде клондау және экспрессиясын оптимизациялау».

"Генетика, молекулалық биология және экологияның өзекті мәселелері" секциясы бойынша үшінші дәрежелі дипломмен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенттері Кулманова А.Н., Демеева К.Н. марапатталды. Баяндама тақырыбы: «Исследование генотоксических и мутагенных эффектов асбест-хризотила с "Житикаринского" месторождения на лабораторных мышах».

"Генетика, молекулалық биология және экологияның өзекті мәселелері" секциясы бойынша үшінші дәрежелі дипломмен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенттері Моисеев Р.М, Адильбаева К.С. марапатталды. Баяндама тақырыбы: «Идентификация генов устойчивости к нематодам у местных сортов картофеля».

Үшінші орын иегерлеріне естелік сыйлықтар табысталды.

Конференцияның барлық қатысушыларына қатысқандары үшін сертификат табысталды.

 

 

Ұйымдастырушылар:

молекулалық биология және генетика кафедрасының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық қатынастар бөлімінің кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD Жусупова Айжан Избасаровна

Биология және биотехнология факультетінің студенттік ғылыми-зерттеу жұмысының төрайымы Доктырбай Гулина

3-секция бойынша хатшы молекулалық биология және генетика кафедрасының аға оқытушысы Сербаева Акерке Дуйсенбековна.