Факультетіміздің мақтанышы

14.04.2023

Көрулер: 650

2023 жылғы 14 сәуірде Биология және биотехнология факультетінің 214 кабинетінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының шақырылған шетелдік профессоры Густав Рози университетінің (Вильшюф, Франция) профессоры Сапарбаев Мұрат Қалиұлы «Канцерогенездің молекулалық механизмдерінің Франциядағы және дүние жүзіндегі заманауи зерттеулері» тақырыбында көшбасшылық дәріс өткізді. Факультетіміздің түлегі, ұлы Майя Хажетдинқызы Шығаеваның тәлімгер шәкірті, профессор Мұрат Сапарбаевтың қызықты баяндамасы қартаю, популяция генетикасы және денсаулық мәселелері жөніндегі қызу пікірталасқа ұласты.

Дәрістің жазбасын онлайн режимінде келесі сілтеме бойынша көруге болады: https://us02web.zoom.us/rec/share/M_ASktUiV9yBUzz-MrtyAymu3GZflSfkBckOgqzgI0xlKVPiXVntweWYK0lMfSO0.evXVF8YozLCCQmFA. Code: #ui3XJ%!

Факультет өз түлектерін мақтан тұтады!