Киім пірі – кимешек

17.03.2023

Көрулер: 787

Биотехнология кафедрасының 4 курс студенттері «ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ» апталығында «Киім – пірі кимешек атты» іс-шара өткізді. Кимешек –қазақ әйелдерінің әдемілігін арттырып, ажарын ашатын киелі бас киімі. Оның түрлері тігілуі мен әшекейіне қарай аймақтық рулық ерекшеліктерге ие, сан алуан сипатта кездеседі. Кимешектің әшекейі мен әдемілігі жас ерекшелігіне қарай парықталып тұрады. Мәселен, әр жастағы әйелдер кимешегінің ою — кестесі жеңіл, тым жылтырақ болмайды. Ал, жасырақ әйелдердің кимешегі қызылды — жасылды, барынша сәнді етіп әшекейленеді. Киелі кимешекті қалай болса солай кез келген уақытта кие салмайды. Оны кюге қатысты өзіндік жол — жорлар бар. Әдетте кимешек ақ матадаң немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жаурынын жауып тұрады. Кимешекке қарап әйелдердің шырайын, жас мөлшерін, тұрмыс-жайын, тіпті жүріс-тұрысына дейін анық ажыратып алуға болады екен. Апаларымыздың ұқыптылығы мен салақтығы да кимешегінен көрінетін. Кимешектің түрі мен тарихи тұрпаты сан-алуан. Олар көбіне рулық-тайпалық өмір ерекшеліктеріне байланысты.