Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті

17.02.2023

Көрулер: 592

2023 жылдың 16 ақпаны күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биотехнология кафедарасының доценті, Әділ Ережеповтің Түркістан облысының Түлкібас ауданы, Абай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушыларымен кездесуі өтті. Ә.Ережепов осы мектептің түлегі. Оқушылардың өтініші бойынша Ә.Ережепов мектепке арналған биология оқулығындағы мәліметтерді толықтыра отырып, «Ақуыздар, химиялық құрамы мен құрылысы» тақырыбы бойынша дәріс оқыды.

Кездесуде оқушылар Қазақ ұлттық университетінің факультеттері мен мамандықтары жайлы толық мәліметтер беру туралы ұсыныс жасады. Осыған орай оқушыларға университет жайлы толық мәлімет беріліп, университеттің буклеттері мен биология және биотехнология факультетінің факультет туралы бейне түсірілімі тапсырылды.

Кездесу соңында мектеп әкімшілігі Ә.Ережепұлына рахмет айта отырып, салтанатты түрде мектеп ұжымының атынан Алғыс хатпен марапаттады.