ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ «Ғылым интеграциясы: биофизика, биомедицина, нейроғылым»

26.04.2022

Көрулер: 1473

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

«Ғылым интеграциясы: биофизика, биомедицина, нейроғылым»

Құрметті әріптестер!

    Сіздерді 2022 жылы 6 маусымда өтетін «Ғылым интеграциясы: биофизика, биомедицина, нейроғылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз

  Конференция биофизика, биомедицина, нейроғылым және биологиялық білім беру саласындағы қазақстандық ғылымның алдында тұрған теориялық және қолданбалы сипаттағы міндеттерді тиімді шешу үшін Қазақстандағы ғылымның аралас салаларының интеграциясын жандандыру бойынша пәнаралық пікірталас платформасын ұйымдастыру мақсатында өткізіледі. Интегративті ғылымдардың заманауи жетістіктері мен мәселелерін талқылау барысында шетелдік және қазақстандық ғалымдар арасында озық тәжірибемен және инновациялық идеялармен алмасу, пәнаралық өзара қарым-қатынас пен халықаралық ынтымақтастық жағдайында интегративті ғылымдардың прогрессивті дамуы үшін әртүрлі сала ғалымдарының күш-жігерін біріктірудің жаңа жолдарын айқындауға мүмкіндік береді. 

  Пленарлық сессияда және секциялық отырыстарда биофизика, биомедицина, нейроғылым және биологиялық білім беру мәселелері бойынша әлемге әйгілі шетелдік және қазақстандық ғалымдар өздерінің пленарлық баяндамалары мен қонақ дәрістерімен сөз сөйлейтін болады.

  Конференцияға баяндамалар ретінде теориялық, эксперименттік және қолданбалы сипаттағы ғылыми жұмыстар, сондай-ақ ғылыми жаңалықтар ұсынуға болады. Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Конференцияда Сіздерді көретінімізге қуаныштымыз! 

Ұйымдастыру комитеті

Ақпараттық хат конф_БФ_БМ_НҒ_6 маусым (1).docx