24.09.2021

Көрулер: 1344

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

БИОАЛУНТҮРЛІЛІК ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР КАФЕДРАСЫ

БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

 

«БИОАЛУНТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ АСПЕКТІЛЕРІ»

 

 

Құрметті әріптестер!

Сіздерді биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының құрметті мүшесі, ҚазҰЖҒА академигі Мухитдинов Наштай Мухитдинұлының 80 жылдығына және Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Биоалунтүрлілікті сақтау аспектілері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

 

Конференцияның баяндамалары ретінде теориялық, эксперименттік және қолданбалы сипаттағы ғылыми жұмыстар, сондай-ақ ғылыми

өнертабыстар ұсынылуы мүмкін.

 

Сіздерді конференцияда көруге қуанышты боламыз!

 

 

Ұйымдастыру комитеті

 

Конференция ұйымдастырушылары

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Биология және биотехнология факультеті

Биоалунтүрлілік және биоресурстар кафедрасы

Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты

Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институты

 

Ұйымдастыру комитеті

Ж. К. Түймебаев – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор.

T.С. Рамазанов - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғылыми-инновациялық жұмысы жөніндегі проректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі

Б.К. Заядан - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Биология және биотехнология факультетінің деканы, б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі

А.К. Садвакасова - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі деканының орынбасары, б.ғ.к., доцент

З.А. Инелова - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі деканының орынбасары, б.ғ.к., доцент

М.С. Курманбаева – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., қауымдастырылған профессор.

И.М. Жаркова – кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының доценті м.а., б.ғ.к.

К.Т. Абидкулова – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы.

Д.Г. Фалеев – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы, б.ғ.к.

Л.Н. Карашолакова – І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімінің басшысы, PhD

Ш.С. Альмерекова – Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының аға ғылыми қызметкері, PhD

А.Д. Сербаева – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторант

А.Е. Оразов – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторант

 

 

 

 

Конференция секциялары:

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жүзеге асырылады:

 

Секция №1. Өсімдіктер биоалунтүрлілігін және биоресурстарын сақтау тәсілдері.

Секция №2. Жануарлар және микроорганизмдер биоалуантүрлілігі саласындағы тенденциялар.

Секция №3. Молекулалық биология және генетиканың өзекті мәселелері.

Секция №3. Биомедицина мен экология үшін биоалуантүрлілікті сақтаудың трендтері.

 

Конференцияның өтетін күні: 26 қараша 2021 ж.

 

Конференцияның өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Әл-Фараби» кітапханасы, 4 қабат

 

Конференция форматы: гибридті формат (онлайн және оффлайн)

 

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс және ағылшын

 

Конференцияның тіркелу жарнасы

 

Ұсынылған мақалаларға сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша конференция материалдарының жинағы шығарылады, олар электронды және кітаптық форматтарда шығарылады. Конференция материалдарының жинағында 3 бетке дейін жариялау құны 3000 теңге, Абидкуловой Каримэ Тулегеновнаның атына 8-701-620-70-40 номері бойынша (Kaspi Gold) пошталық, банктік, карточкалық аударым арқылы жариялау құнын төлей аласыз.

 

 

Конференцияға қатысу үшін 2021 жылдың 01 қарашасына дейін тіркелу формасы мен баяндаманың (мақаланың) мәтінін электронды түрде, тек doc немесе rtf кеңейтілімімен Word 2010 форматындағы бөлек файлдарда төменде берілген электронды поштаға жіберу қажет: электрондық пошта тақырыбы: Конференция – қатысушының толық аты-жөні – секция нөмірі (мысалы, Конференция - Петров В. - 1), файл бірінші автордың атымен аталады. Егер үш күн ішінде растау хаты келмесе, құжаттарды қайта жіберіңіз.

 

 

Толтырылған тіркелу формасы мен баяндама мәтіні (мақала) мына мекенжайға жіберіледі:

 

Секция 1:

Оразов Айдын Ерғалиұлы, тел: 8 707 662 4620, e-mail: orazov_aidyn@mail.ru

Секция 2:

Карашолакова Лаззат Наушабаевна, тел: 8 702 257 5462, e-mail: karasholakova.lazzat@mail.ru

Секция 3:

Сербаева Акерке Дуйсенбековна, тел: 8 702 373 2848, e-mail: serbaeva.akerke@gmail.com

Секция 4:

Достемесова Анар Бериковна, тел: 8 708 520 8231, e-mail: anardostemesova@gmail.com

 

 

 

Тіркелу формасы (өтініш)

 

Аты-жөні

 

Ғылыми атағы, дәрежесі

 

Қызметі

 

Ұйымның толық атауы

 

Мемлекет, облыс, қала

 

Ұйымның мекен-жайы

 

Телефон (қаланың кодымен)

 

E-mail:

 

Мақала (баяндама) тақырыбы

 

Қосалқы авторлар

 

Қатысудың жоспарланған формасы (өзінің қатысуы, сырттай)

 

Жоспарланған секция

 

Қонақүйді брондау қажеттілігі (ия /жоқ)

 

 

Мақаланы дайындауға қойылатын талаптар 

Жариялану үшін ұсынылатын барлық материалдардың теориялық және практикалық маңызы болуы тиіс, сонымен қатар таңдалған секцияның тақырыбына сәйкес келуі керек.

 

Басылымға төмендегі талаптарға сәйкес келетін материалдар қабылданады:

Мақалада бір автордың фамилиясы авторлар қатарында тек бір ғана рет бірінші болып көрсетілу керек.

І. Мазмұнына қойылатын талаптар

Жарияланымға берілген материал:

-          өзекті,

-          өзіндік,

-          орындалған мақсат болуы керек.

ІІ. Мәтінді дайындауда қойылатын талаптар

  1. Текстің көлемі 3 бетке дейін болуы керек.
  2. Парақ форматы А4, кітап ретінде беттеу; парақ параметрлері: жоғарғы, төменгі, оң, сол - 20 мм.
  3. толық атауы, е-mail – 12 pt, курсив; аннотация – 12 pt, курсив; негізгі мәтін және әдебиеттер тізімі – 14 pt, қалыпты. Теңестіру: авторлар, баяндама тақырыбы, мекеменің атауы, Әдебиеттер (курсив), аннотация – ортасында; баяндаманың негізгі мәтіні және әдебиеттер тізімі – ені бойынша. Абзац: 10 мм. Бірлік жоларалық интервал.
  4. Латын тілінде түрлердің атауы курсивпен жазылуы керек. Сандардағы бөлік нүктемен бөлінеді. Иллюстрацияларға сілтемелер, олардың сипаттамасы сурет 1, кесте 2 деп белгіленеді.
  5. Формулалар WORD формулалар редакторы бойынша мәтінге қосылуы керек.
    1. Суреттер, фотографиялар және кестелер (кез келген вариацияда екеуден аспауы керек) мәтінге енгізілуі керек. Графиктар мен кестелерде мәліметтер қайталанбауы керек. Суреттер мен фото тек қара-ақ түсті және дюймде 300 нүктеден кем емес *jpg форматта болуы керек. Суреттегі жазу 12 pt шрифт арқылы жазылуы керек.

 

  1. Әдебиеттердің сілтемелері шаршы жақшасында [1, 2] мәтінде кездесу ретіне байланысты келтірілуі қажет.

 

Журналдағы мақалалар үшін

1 Тайпакова С.М., Бисенбаев А.К. Клонирование и экспрессия кДНК цел- лобиогидролазы СEL7A гриба Lentinula edodes в E. coli и характеристика рекомбинантного белка // Биотехнология: теория и практика. - 2011. - №2. - С.41-49.

Ғылыми еңбектер жинағы, тезистер үшін

2 Бисенбаев А.К., Тайпакова С.М. Клонирование и экспрессия гена термостабильной целлобиогидролазы І гриба L. edodes в дрожжах // VI Московский международный конгресс Биотехнология: состояние и перспективы развития. - Москва. - 2011. - С.293-294.

Монографиялар, кітаптар үшін

3 Кужир Т.Д. Антимутагены и химический мутагенез в системе высших эукариот. – Минск: Наукова думка.- 1999.- 263 с.

Авторефераттар және диссертациялар үшін

4 Воронов М.Г. Эколого-биологические основы повышения эффективности воспроизводства омуля в р. Селенге в современных условиях. - Дисс. … канд. биол. наук. - СПб., 1993. - 180 с.

 

Мақаланы дайындаудың схемалық мысалы

 

 
   

 

 

 

Баяндаманы қорғау:

Пленарлық баяндама – 15 минут

Секциядағы ауызша баяндама – 7 минут

Постер (стендтік баяндама)

 

 

 

Авторлардың назарына!

 

Ұйымдастыру комитеті жариялау үшін мақалаларды мұқият таңдайды. Ұсынылған материалдың мәтіні мұқият тексеріліп, орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық қателер болмауы керек. Көрсетілген талаптарға сәйкес материалдар жарияланады.