Магистранттарға арналған «Кәсіби дамуға бағытталған дағдыларды жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция
01.04.2021
Көрулер: 1767
Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің шетел тілдері кафедрасы Zoom платформасында магистранттарға арналған «Кәсіби дамуға бағытталған дағдыларды жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны онлайн режимінде өткізді. Алыс және жақын шетелдерден жиналған 70-тен астам жас зерттеушінің конференциясы - идеялар мен ғылыми әзірлемелермен алмасу алаңына айналды. Бұл шараның ерекшелігі – барлық спикерлер өз жұмысының нәтижелерін ағылшын тілінде баяндап ұсынды.
https://egemen.kz/article/270273-almatyda-magistranttardynh-khalyqaralyq-konferentsiyasy-otti
©egemen.kz






