"Қоршаған орта биотехнологиясы және биоэнергетиканың аспектілері мен инновациялары" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

13.02.2021

Көрулер: 1669

 

2021 жылғы 12 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті, Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты және Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің деканы, биология ғылымдарының докторы, профессор Заядан Болатхан Қазыханұлының 60 жылдық мерейтойына арналған "Қоршаған орта биотехнологиясы және биоэнергетиканың аспектілері мен инновациялары" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы әл Фараби кітапханасы ғимаратында гибридті форматта өткізілді.

Осы іс — шараны дайындау барысында Қазақстан, Германия, Ресей, Пәкістан, Польша, Түркия, Франция, Қытай және Өзбекстан секілді 8 елдің 66 ұйымынан 100-ден астам өтінім келіп түсті, олардың ішінен конкурстық іріктеу мен рецензиялаудан 83 мақала өтті, олардың негізінде 296 бет көлеміндегі тезистер жинағы жарияланды.

Конференцияның пленарлық отырысы екі кезеңде өтті. Пленарлық отырыстың бірінші бөлімі аясында Қазақстандағы экологиялық биотехнологияның дамуына зор үлес қосқан отандық ғалымдардың 9 баяндамасы тыңдалды. Атап айтқанда, белгілі ғылым докторлары, профессорлар Жұбанова А.А., Мансұров З. А., Саданов А. К., Жамбакин К. Ж., Бисенбаев А. К., Қанаев А. Т., Нұржанова А. А., Абжалелов А. Б., Биғалиев А. Б. Пленарлық отырыстың екінші бөлімінде шетелдік қатысушылардың 7 баяндамасы тыңдалды.

Қатысушылардың кең географиясы конференция тақырыбының және оның аясында қарастырылатын мәселелердің өзектілігін растайды. Аталған конференция келесідей екі секция шеңберінде біріктірілген мәселелердің кең ауқымы бойынша әлемдегі биотехнологиялық трендтердің қорытындысын шығаруға мүмкіндік берді:

* Қоршаған орта биотехнологиясының аспектілері, инновациялары мен жетістіктері

* Биоэнергетиканың инновациялары мен жетістіктері.

Конференция аясында негізгі тақырыптардың ішінде мынадай мәселелер талқыланды: Еуропа және Азия өңірлерінде табиғатты қорғау мен биоэнергетиканы реттеуді дамыту тәжірибесі; 21 ғасырдағы экологиялық проблемалардың жаһандануы және ықтимал жауаптарды іздеу. Әрбір қатысушының жоғары кәсібилігі, жеке қызығушылығы мен жауапкершілігінің арқасында конференция жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткенін атап өту қажет. Конференцияға қатысушылардың баяндамалары теориялық талдаудың сөзсіз тереңдігімен және қарастырылатын мәселелердің жоғары практикалық өзектілігімен ерекшеленді. Әр түрлі секциялардың қатысушылары тарапынан ұсыныстар енгізіліп, сондай-ақ болашаққа арналған перспективалар белгіленді.

Конференцияны өткізу нәтижелері бойынша пленарлық және постерлік баяндамалардың жоғары деңгейін, рейтингтік журналдарда басып шығару бойынша Қазақстандағы қоршаған орта биотехнологиясы саласындағы зерттеу жұмыстарының жарияланымдарының деңгейінің өсуін және экологиялық биотехнология саласындағы басым ғылыми-технологиялық міндеттерді шешуде ғылыми байланыстардың дамуын, соынмен қатар ғылыми ортаны қалыптастыру мен отандық ғылымның дамуын қолдау мақсатында осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өту қажет.