"ЖОО үздік оқытушысы - 2020"

28.01.2021

Көрулер: 1461

Құттықтаймыз!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері ҚР ҰҒА академигі Бисенбаев Амангелді Қуанбаевичты "ЖОО үздік оқытушысы-2020"атағымен құттықтайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, "ЖОО үздік оқытушысы - 2020" атағына еліміздің 48 жоғары оқу орнынан 150 адам ие болды, соның ішінде 18-і әл-Фараби Қазақ Ұлттық университетінің оқытушылары. Конкурс жеңімпаздарына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және біліктілігін арттыру мақсатында әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі. Байқауға Республиканың 73 жоғары оқу орнынан барлығы 623 үміткер қатысты.

 Бисенбаева Амангелді Қуанбаевич биология ғылымдарының докторы (2011), профессор (2016), ҚР ҰҒА академигі (2017). 30 жылдан астам ғылыми-педагогикалық тәжірибесі бар Амангелді Қуанбаевичтың әртүрлі отандық және Web of Science және Scopus дәйексөздер базасына енгізілген шетелдік рейтингтік журналдарда 150-ден астам рецензияланған ғылыми жұмыстарды жарияланды. Scopus және Web of Science ғылыми деректер базасына сәйкес Хирш индексі - 6. Оның зерттеу қызығушылықтары клеткалық сигнализация, гендер экспрессияның реттелуі, ДНҚ репарациясының энзимологиясы мен ашытқылардың генетикалық инженериясын қамтиды.

Бисенбаев А.Қ. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы биология ғылымдары бойынша диссертациялық кеңестің төрағасы, «ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы» ғылыми журналының ғылыми редакторы болып табылады. Сонымен қатар «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2006) атағы мен мемлекеттік грантымен, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі елеулі жетістіктері үшін «Ы. Алтынсарин» – атындағы төс белгісі (2008) және «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» (2018) - төс белгілері иегері.

Кафедра ұжымы б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Бисенбаев Амангелді Қуанбаевичты жемісті ғылыми-педагогикалық қызметіндегі кезекті жетістігімен шын жүректен құттықтайды және шығармашылық табыстар, жаңа кәсіби жетістіктер, қызықты идеялар мен тек биіктерге өркендеуді тілейді!

Тайпакова С.М.

молекулалық биология және генетика

кафедрасының аға оқытушысы