Құттықтаймыз! Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алғашқы жаппай ашық онлайн курсы – Methods of molecular biology Coursera халықаралық білім беру платформасында жарияланды

04.01.2021

Көрулер: 1538

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алғашқы жаппай ашық онлайн курсыMethods of molecular biology 2021 жылдың 2 қаңтарында онлайн білім беру саласындағы әлемдік көшбасшы-Coursera халықаралық білім беру платформасында жарияланды.

Coursera - әлемдегі ең ірі онлайн-білім беру провайдері. Онда 65 миллион қолданушы тіркелген, 3200-ден астам курстар бар және 2020 жылғы кірісі 2,5 миллиард доллар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университеті бірлесіп әзірленген «Methods of molecular biology» курсы 2021 жылдың 2 қаңтарда Coursera платформасында жарияланды, бұл қазақ тілінде жасалған алғашқы курс. Шын мәнінде, бұл Қазақстаннан шыққан Coursera платформасында жарияланған алғашқы курс және бастапқыда қазақша субтитрмен жоспарланған ағылшын тіліндегі алғашқы курс. Бұл пәнаралық курс химия, экология, математика, физика, медицина және заң ғылымдары саласындағы студенттерге және мамандарға, сондай-ақ кең аудиторияға қызықты болады, өйткені онда молекулалық биологияның әртүрлі аспектілерін және оның әдістемелік құралдарын қызықты әрі қол жетімді тілде жазылған.

Курс толығымен ағылшын тілінде ұсынылған (келесі үш ай ішінде бейнефильмдерге қазақ тілінде субтитр жүктеледі; орыс тіліне аударылды, редакцияланды, толықтырылды және субтитрлер жүктелді). Құрамына жинақталған дәрістер кіретін 5 модульден тұрады: 1. Вирустардың молекулалық биологиясы; 2. Бактериялардың молекулалық биологиясы; 3. Өсімдіктердің молекулалық биологиясы; 4. Жануарлардың молекулалық биологиясы; 5. Молекулалық биология және медицина. Әрбір дәріске бейнежазба, қосымша талдауға арналған мәтін, қолданылған әдебиеттер тізімі, сонымен қатар талқылауға арналған сұрақтар және өзбетімен талдауға арналған тест қоса беріледі. Әр модульдің соңында бағаланған тест берілген. Курс соңында қорытынды тапсырма беріледі (білім алушылар бір-бірін бағалауға арналған эссе). Сондай-ақ, промо, кіріспе және қорытынды бейнероликтер бар.

Осы курсты аяқтағаннан кейін студенттер:

• Молекулалық биология әдістерінің басқа ғылым салаларындағы жетістіктер арасындағы байланысты көреді.

• Белоктар мен нуклеин қышқылдарын зерттеуге, реттеуге және қолдануға байланысты әдістердің ерекшеліктерін түсінеді.

• Про- және эукариоттардағы молекулалық биологиялық процестердің айырмашылықтары туралы ақпаратты түсіндіре біледі.

• Молекулалық биологиялық процестердің реттеуші және функционалды элементтерінің өзара әрекеттесуін талдай алады.

• Курс барысында алған білімдерін мақалалар, шолулар, есептер жазу, кейстер жасау және алынған ақпаратты талдау барысында симуляциялау, модельдеу, тәуекелді бағалау үшін қолдана алады.

Курстың автор-құрастырушылары – биология және биотехнология факультетінің молекулярлық биология және генетика кафедрасының қызметкерлері: аға оқытушы, PhD Айжан Жүсіпова, кафедра меңгерушісі, б.ғ. к. Жазира Жүнісбаева, аға оқытушы, PhD Изат Смекенов.

 

Молекулалық биология және генетика кафедрасы