Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының РАДИО ВИКТОРИНАСЫ

06.12.2020

Көрулер: 1440

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры радиовикторина ұйымдастырады. Мақсат - тәуелсіз Қазақстан тарихына деген қызығушылықты арттыру, радиотыңдармандарды еліміздің басты жетістіктерімен таныстыру.

v  Радиотыңдармандарға арналған жүлделі викторина 2020 жылдың 7-11 желтоқсан аралығында «Астана радиосы» мен «Qazaq radiosy» әуе толқынында өтеді.

 

  • ·         Әр жұмыс күні сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін «Қайырлы таң, Қазақстан» бағдарламасында қазақтілді аудитория арасында сыйлықтар ойнатылады.

  • ·         Ал орыс тілді аудитория үшін бұл жұмыс күндері сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін «Қайырлы танцы» таңғы бағдарламасында өткізіледі.

 

Эфир барысында қатысушылар Қазақстанның жетістіктеріне, маңызды оқиғаларға байланысты және т.б. сұрақтарға дұрыс жауап беруі тиіс.

Үздік ойыншыларға smart сағат, power bank, bluetooth құлаққап және тағы көптеген сыйлық беріледі.

ü  Қосымша сұрақтар туындаса төмендегі телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыз:

- 8 (7172) 757275, 8 700 755 33 55 - «Қазақ радиосы»;

- 8 (7172) 757277, 8 700 101 40 00 - «Астана радиосы».


Нұрсұлтан Назарбаев қорының парақшасынан алынды

https://www.facebook.com/295944330458293/posts/4087703901282298/?d=n