Ақпараттық хат

09.11.2020

Көрулер: 1535

Құрметті әріптестер

 

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Хабаршысы» ғылыми журналының редакциялық алқасы Сiздердi ғылыми зерттеулеріңіздің нәтижелерін жариялауға шақырады.

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Хабаршысы» журналы ауыл шаруашылығы ғылымдары, жаратылыстану және техникалық ғылымдар, білім, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар бағытында жүргiзiлген ғылыми зерттеулер қорытындыларын қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде жариялайтын рецензияланатын журнал.

Ғылыми мақалаларды ««Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Хабаршысы»» журналында жариялау үшiн сiзге http://korkyt.kz/vestnik/administrator сайтында автор ретiнде тiркелiп, мақаланы сәйкес бөлiмге жүктеуiңiз керек немесе khabarshy@korkyt.kz электронды поштасына жіберуіңізге болады:

-          Ауыл шаруашылығы ғылымдары сериясы (ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету Комитеті тізбесіндегі жарияланымдар тізіміне енгізілген);

-          Жаратылыстану, техникалық ғылымдар сериясы;

 Білім, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар сериясынан тұратын ғылыми журнал жылына 4 рет шығарылатын болады.

Журнал туралы толық ақпаратты http://korkyt.kz  ресми сайтында Қызылорда Университеті Хабаршысы парақшасында бiлуге болады: журналдың редакциялық саясаты туралы, мақалаларға қойылатын талаптар, қолданылған сiлтемелер және пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi.

Мақалаларды жариялауға тапсыру мерзімі: 2020 жылдың 25 қарашасына дейін.