Мерейтойлық Әл-Фараби жылы қорытындыланды
16.10.2020
Көрулер: 1583
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен бірнеше іс-шаралар өткізілді.
Шараға білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, академиялық қоғамдастық пен БАҚ өкілдері, университеттің оқытушылары мен студенттері қатысты.






