Университет басшылығының балық аулау саласындағы өндіріс және ғылым өкілдерімен кездесуі

10.09.2020

Көрулер: 1376

Ғылымды өндіріске интеграциялау ауыл шаруашылығының барлық салалары үшін әрдайым өзекті мәселе болып табылады. Шетелдік технологиялар мен өндіріс желілерін енгізу арқылы ғана технологиялық серпіліс жасау қиын. Шетелдік технологияларды енгізу үшін де оны енгізетін орындарда тиісті ғылыми әлеуеті бар мамандар қажет екенін ескеру қажет. Демек, отандық ғылымды дамытпай, заманауи инновациялық-оқыту орталықтарын құрмай, ғылымды өндіріске интеграцияламай, ауыл шаруашылығының алдындағы міндеттер жиынтығын шешу мүмкін емес.

Осыған байланысты университет басшылығының балық аулау саласындағы өндіріс және ғылым өкілдерімен өткізілген кездесуінде балық шаруашылығы саласының көптеген проблемалары талқыланды. Сол кездесу нәтижесінде биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында «MG» ЖШС @marlen_kz, @fishmektep.kz, @erlanerlan75-пен бірлесіп қазіргі уақытта жаңа жоба дайындалуда.

Біздің алдымызда үлкен жоспарлар мен ауқымды мақсаттар бар. Жобаның барлық қатысушыларына жемісті жұмыс және сәттілік тілейміз.

https://fishmektep.kz/