ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ Б.Ғ.К., ШАЛГИМБАЕВА С.М. «АКВАКУЛЬТУРА» БАҒЫТЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗУГЕ ШАҚЫРДЫ

23.08.2019

Көрулер: 1388

2019 жыл 22 тамызда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Құзыреттілік орталығы» ЖШС және «Балық шаруашылығы қауымдастығы - БД» ЗТБ қауымдастығымен бірлесе отырып, «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық қолдау» бойынша Қарағанды қаласында семинар өткізілді, бағыты: «Аквакультура» бойынша. Семинар дәріскері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және Биотехнология факультетінің, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының б.ғ.к., аға оқытушы Шалгимбаева С.М.

Семинар тақырыбы: «Тоған шаруашылықтарындағы тұқы балықтарының аурулары: алдын-алу және емдеу шаралары».

Семинардың практикалық бөлігі «Қарағанды ​​инкубаторы» ЖШС-де, Қарағанды ​​облысы, Қарағанды ​​қаласында өтті, ал теориялық бөлігі Apart Hotel 92/2 (Бұқар жырау даңғылы, 92/2) премиум-конференц-залында өтті. Барлық семинарға қатысушылар Атамекен біліктілігін арттыру сертификатын алды.

Авторы: Шалгимбаева С.М. және Джумаханова Г.Б.