«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТ ФЕСТИВАЛІ»

18.09.2019

Көрулер: 1325

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен "International student festival" халықаралық студенттік форумы өтті. Форумға алыс-жақын шет елден келген студенттер мен қонақтар қатысты.

Халықаралық форумға біздің факультеттен соның ішінде Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының атынан Түркменістан елінен келген, кафедраның 1 курс студенттері қатысты. Олар өздерінің талантымен форумға келген студенттерді және қонақтарды тәнті етті.

Сондай ақ форумда студенттер ежелден келген тарихы бар, қиял ғажайыпқа толы «куштдепти» биін орындады. Әуеннің кереметтігі соншалық, еріксіз қимылға қосылып кетесің. Қол шапалақтамаған, әннәі ырғағына қозғалмаған адам болмады, қонақтар ырғаққа еріксіз беріліп, өнерге тәнті болды. Осындай іс-шаралар сөзсіз жастарға керек, келешек буын үшін осындай форумдар ізгі істерге, тамаша ой-пікірлерге таптырмас қол-қабыс. Форум ұйымдастырушыларына үлкен алғыс! Аталған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін, жас буынға тамаша мүмкіндік, қонақтарға тамаша көңіл күй сыйлағаны үшін.

Сонымен қатар өз тобым, Түркменстаннан келген студенттеріме биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының атынан өнер көрсетіп, тамаша көрнекі құралдарды әкеліп орналастырғаны үшін алғысым шексіз.

Куратор-эдвайзер, Зорбекова А.Н. 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы