Факультет ұстаздары Қарасай ауданының білім беру департаментінің «Таланттылар мен дарындылардың 15-ші слетіне» қатысты
28.03.2019
Көрулер: 2468
Наурыз айында Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Алмалыбақ» ауылындағы орта мектеп-гимназияда дарынды балалардың ғылыми жұмысқа бейімділігін анықтау және шығармашылығын тану мақсатында дәстүрлі «Таланттылар мен дарындылардың 15-ші слеті» өткізілді. Осы кешке Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіміздің Ректорының үкімінен, жюри мүшелігіне биотехнология кафедрасының ұстаздары қатысып балалардың шығармашылық жұмыстарын талдап бағалады. Кеш соңында ұстаздар Қарасай ауданының білім беру департаментінің алғыс хатымен марапатталды.
Авторлар: Ерназарова Г.И., Кистаубаева А.С., Тұрашева С.К., Нармұратова М.К.







