1-курс студенттерінің ЖОО бейімделунің психологиялық аспектілері
Көрулер: 2246
25 қазан 2018 ж. 14.00 сағ. биофизика және биомедицина кафедрасында «Президенттің Қазақстан халқына кезекті жолдауы» аясында кафедра деңгейінде «1-курс студенттерінің ЖОО бейімделунің психологиялық аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Тәрбиелік шара барысында 1 курс студенттеріне ЖОО-на кездесетін негізгі қиыншылықтары мен оларды шешуде кеңестер берілді және 1 курс студенттерінің ЖОО-на бейімделуі кезінде тап болатын мәселелері анықталды:
- пәндердің көпшілігі бойынша мектепте алған білім деңгейінің жеткіліксіз болуы;
- өз уақыты мен күш-жігерін ұтымды пайдала білмеу;
- жаңа ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеуге дайын еместігі;
- ата-ана, мұғалім тарабынан үйреншікті бақылау мен қамқорлығының жоқтығы;
- толық өз бетімен білім алуға дайын еместігі;
- ЖОО оқытушылары қоятын жоғары талаптарға дайын еместігі;
- кейбір студенттерде ерік-жігердің, еңбексүйгіштіктің болмауы, ең бастысы оқуға деген құштарлықтың болмауы.
Ұйымдастырушылар: Биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы Қайрат Б.Қ., және "5В060700 Биология" мамандығының 3 курс студенттері






