«Мұқағалимен сырласу»
Көрулер: 3260
2018 жылдың 9 ақпанында биофизика және биомедицина кафедрасының студенттері, куратор-эдвайзер: Қайрат Б.Қ., Үсіпбек Б.А. және Ережепова Н.Ш. қазақ поэзиясының патшасы, мұзбалақ ақын – Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған «Мұқағалимен сырласу» атты поэтикалық-композициялық кешті тамашалады.
Кеш Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының үлкен залында өтті. Кеш барысында ақын тағдыры мен шығармашылығына арналған «Мұқағалимен сырласу» атты театрландырылған поэтикалық композиция театрдың жас талантты актерлерінің орындауында көрермендерге жол тартты.
Театр актерларының шеберлігімен ажарлана түскен ақынның жырлары, әнмен әуелеген өлеңдері, күнделігі мен күнделікті өмірі көрермендерді тамсандырды. «Мұқағалимен сырласу» театрға келген әр көрерменнің жүрегіне поэзияға деген сүйіспеншілік сезімін оятқандығы хақ!
Ұйымдастырушы: куратор-эдвайзер Кайрат Б.К.






