"Білім жəне карьера" көрмесі

07.04.2018

Көрулер: 2653

Сәуір айында Атакентте "Білім жəне карьера" атты көрме өткізілді. Көрмеге тек біздің университет ғана емес шет елдің де ЖОО қатысуда. Іс шара барысында КазҰУнің павильонына биология жəне биотехнология кафедрасының түлектері келді жəне олар біздің университеттің биохимия, өсімдіктер физиологиясы, биотехнология және микробиология кафедрасын бітіргендігін мақтанышпен айтып өз ойларымен бөлісті. Қазіргі кезде олар ірі технологиялық компаниялар мен білім беру салаларының қызметкерлері. Сонымен қатар олар көрмеге қатысуға келген талапкерлерді Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқуға түсуге шақырды. (Авторлары: Ерназарова Г.И., Тұрашева С.К., Нармұратова М.Қ., Оразова С.Б., Атамбаева Ш.А., Ережепов А.Е., Ниязова Р.Е.