Биология және биотехнология факультеті - кәсіби бағыт бағдар алаңында

03.05.2018

Көрулер: 3829

2018 жылдың Мамыр айында Алматы облысы Тұзды Бастау ауданының 10 мектебінен 400 ге жуық мектеп түлектері қатысуымен мамандықты таңдауға байланысты, кәсіби бағыт бағдар жұмыстары жүріп өтті. Тұзды Бастау мектеп директоры əл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология жəне биотехнология факультетінің оқытушы профессорларларын қарсы алып, алғы сөз сөйлеп, жиналысты ашты. Жиналыс барысында университеттің 16 факультеттен жəне 64 кафедрадан тұратындығы жайлы айтылды, соның ішінде биыл Білім жəне Ғылым Министрлігі техникалық мамандықтарға қосымша 20 000 грант бөліп отырғандығы айтылып кетті, осындай техникалық мамандықтардың бірі биотехнология мамандығы бар екендігі оқушыларға айтылды. 5В070100-"Биотехнология" мамандығына түсу үшін оқушылар "Биология" жəне "Химия" пəндерін таңдауы қажет екендігі түсіндірілді. Одан басқа биология жəне биотехнология факультетінде биология, геоботаника, балық шаруашылығы мамамандықтарының бар екені жайлы мəліметтер берілді. Биология жəне биотехнология факультетінің маман иелері болашақта қайда жұмыс жасайтыны жайлы көптеген мəліметтер беріліп, оқушылардың сұрақтарына жауап қайтарылды. Құрметті жас түлек, биотехнология мамандығына түскіңіз келсе, сұрақтарыңызды комментке жазып жіберіңіздер. Біз кез-келген сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз. (Автор: Ерназарова Г.И., Тұрашева С.К., Нармұратова М.Қ., Оразова С.Б., Атамбаева Ш.А., Ниязова Р.Е., Ережепов А.Е.)