Erasmus+ ENINEDU жобасының аясында бизнес-ортаның өкілдерімен кездесу

05.11.2019

Көрулер: 1941

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінде Erasmus+ "ENINEDU–Жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес жоғары білім мен корпоративтік секторлардың интеграциясын жақсарту" жобасы аясында бизнес – орта өкілдерімен кездесу өтті. Университет атынан кездесуге ЭжБЖМ басшылығы, кафедра меңгерушілері, білім беру бағдарламаларының үйлестірушілері, жұмыс берушілер Кеңесі мен түлектер Ассоциациясының жұмысына жауапты тұлғалар, Erasmus+ ENINEDU жобасының командасы қатысты. Бизнес-ортадан ВТБ, ID GROUP, АлматыСтройКонтракт, ZereLand, Қазақстан Жібек жолы және Walter Williams сияқты компаниялар қатысты.

 

 

Кездесудің мақсаты – университет пен бизнес орта арасындағы өзара қарым қатынасты жақсарту.

Міндеттері:

- ЭЖБжМ студенттері үшін мастер-класстар, тренингтер, көшбасшылық дәрістері мен семинарлар ұйымдастыру мүмкіндігін талқылау;

- білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша жұмыс тобына қатысу мәселелері;

- бітіруші курс студенттерін тағылымдамаға / практикаға қабылдау мүмкіндігі;

- "Жастар және мансап" порталының жұмысына қатысу;

           ID-GROUP компаниялар тобының бас директоры Шакирова Гүлнар Амангелдіқызы өз бизнесінің қызметі, оның құрылымдық элементтері және экономика және бизнес жоғары мектебімен ұзақ мерзімді қарым-қатынас қалай құрылатыны туралы айтып өтті, практика жүзінде ЖОО түлектері алған кәсіби білімдерін тереңдетіп, өз құзыреттерін кеңейтіп, тереңдете түсетінін атап өтті. Жұмыс берушілердің оқу процесіне және білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысуының дұрыстығымен келісті.

           А. Жидебекқызы Экономика және бизнес жоғары мектебі мен бизнес-орта арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту туралы ұсыныс жасады.

           "Қазақстанның Жібек жолы" компаниясының өкілі және HR-директоры Мұхитова Зауре мен Абабахриева Саида, "АлматыСтройКонтракт" компаниясының қаржы директоры Өзенбаева Аида, "ZereLand" балабақшасының негізін қалаушы кәсіпкер Бекқожа Салтанат, ВТБ банктің Алматы филиалының директоры және директорының орынбасары Мұсағалиев Асхат және Косарева Анастасия қызықты идеялармен және ұсыныстармен сөз сөйледі.

    ВТБ-банктің Алматы филиалының директоры Асхат Мұсағалиев өз филиалы туралы айтып, лекцияларды тегін оқуға, әрдайым банкте бизнес жөнінде кеңес беруге, өз банкінде мектеп филиалын ашуға дайын екендігін айтты.

Кездесу барысында келесі мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілді:

1. Жұмыс берушілермен бірлесіп студенттерге арналған интеграциялық сессиялар өткізу мүмкіндіктері;

2. Түлектердің кешенді дипломдық жобаларын енгізу мүмкіндігі;

3. Жұмыс берушілердің объектісінде кафедра филиалдарын ашу;

4. Тұрақты түрде мастер-кластар жүргізу;

5. Білім беру бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына қатысу;

6. Икемді оқу тәжірибесі мен тағылымдамалар ұйымдастыру;

7. Жұмысқа қабылдау мүмкіндігімен өндірістік тәжірибені ұйымдастыру;

8. Мемлекеттік емтихан комиссиясына мүше болу;

9. Оқытушылар үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізу.

           Өткізілген нетворкинг түлектердің кәсіби құзыреттілігін іс жүзінде растауға, оларды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді, ал бизнес өкілдері өздерінің ғылыми білімдерін дамыту мақсатында өздерінің құрылымдарына барынша дайындалған және сауатты түлектерді таңдап алуға мүмкіндік алады, және осы негізде ЖОО мен бизнес арасындағы ұзақ және өзара тиімді қарым-қатынасты дамытуға жол ашады.