Erasmus+ ENINEDU жобасының ішкі аудиті

02.11.2019

Көрулер: 1782

   Кот-д-Азур университеті (Франция) Технологиялар институтының директоры, Ректордың бизнес-ортамен байланыс жөніндегі кеңесшісі профессор Жан-Кристоф Буас (Jean-Christophe Boisse) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Erasmus+ «Жаңа әлеуметтік орта талаптарына сәйкес жоғары білім беру жүйесі мен корпоративтік сектордың интеграциясын күшейту – ENINEDU» жобасы бойынша ішкі аудит жүргізу мақсатында арнайы келді. Мониторинг барысында профессор Буас жобаның ҚазҰУ-да жүзеге асырылуы барысымен танысып, жұмыс тобының бірнеше жиналысына қатысты. Факультет және университет басшылығымен кездесті. Сондай-ақ, ЭжБЖМ Бизнес-құзыреттерді дамыту кластеріндегі жоба аясында ашылған Кәсіпкерлік және инновациялар орталығының жұмысымен танысты.

  Жоба әлемнің түрлі елдерінің 9 университетін (Қазақстан, Испания, Франция, Венгрия, Греция, Ресей) байланыстырады. Жобаның мақсаты Болон процесінің талаптарына сәйкес білім беру парадигмасын өзгерту жолымен консорциум елдеріндегі жоғары ЖОО мен бизнестің ынтымақтастығын нығайту болып табылады.