Стартап құру туралы ивент

25.10.2019

Көрулер: 1822

 

    23.10.19 ж. ислам қаржы орталығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қаржы және есеп»  кафедрасының доценті Сапарова Г.Т.  журналистпен, «Үй жағдайындағы экскурсия» стартап жобасының бірлескен авторы Евгения Морозовамен инвент форматында кездесу ұйымдастырды.  Дәріскер стартап құру идеясы , идеядан бастап, алғашқы нақты қадамға дейін қалай келгенін өте қызықты қылып айтып берді. Студенттер кейстер мен ситуациялық тапсырмаларды  шешу арқылы процеске қатысты. Кездесу аяқталғаннан кейін, пікірталас барысында компанияны ашу кезінде тап болған проблемалар және алда қандай міндеттер қойылғандығы туралы сұрақтар қойылды.  Кездесуге қатысушылардың өзара мүдделілігі болғандықтан, байланыс алмасу өзіндік қорытынды болды.