БҰҰ-ның «Жаңа Жібек жолы» атты мини-моделі

01.02.2018

Көрулер: 3475

ҚазҰУ Халықаралық Қатынастар факультеті жанындағы БҰҰ Ақпараттық аймақтық орталығы, БҰҰ Моделі бағдарламасы Алматыдағы БҰҰ-ның қоғамдық ақпарат департаментінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етуіне байланысты ұйымдастырылатын БҰҰ «Жаңа Жібек жолы» мини-моделіне қатысуға шақырады.


Бұл мини модель жастар арасында БҰҰ-ның жұмыс барысы, қазіргі әлемнің проблемалары, сондай-ақ республикамыздың халықаралық белсенділігі жайындағы білімді арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, алдағы БҰҰ моделі аналитикалық, дипломатиялық, шешендік және коммуникативтік дағдылары шыңдауға септігін тигізеді.


БҰҰ мини-моделі конференциясы екі комитеттердің көмегімен жүзеге асырылады:

- Қауіпсіздік Кеңесі: Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелерін шешу үшін жаңа көзқарастар.

 - Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы: қоғамдық теңдікті көтеру және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін кемсітуді жою шаралары мен механизмдері.


Талқылау барысында қатысушыларға өзекті жаһандық мәселелерді шешу үшін біріккен әр түрлі елдердің делегациясы ретінде әрекет мүмкіндігі беріледі.

Өтетін жері:Қарасай батыр көшесі, 95, халықаралық қатынастар факультеті
Күні және уақыты: 1-ақпан 2018 жыл, 9:00.


Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуыңызға болады:

Деловарова Лейла Федоровна, директор
ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің БҰҰ Өңірлік ресурстық орталығы 
Телефон: +7 701 365 8808, электрондық пошта: delovarova@mail.ru

Каримова Ширингул, кеңесші
ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің БҰҰ Өңірлік ресурстық орталығы 
+ Тел:. 7.707.105 6058, электрондық пошта: shiringul95@gmail.com

PROGRAM OF THE MINI-MODEL UN “NEW SILK WAY

 

Date and time:

 

 

February 1, 2018

9.00-15.00 

 

Venue:

 

 

International Relations Department

Almaty, Karasai Batyr st., 95

9.00-9.30

Registration

9.30-10.00

Opening ceremony

10.00-10.30

Rules of procedure explanation

10.30-12.00

Session I

SC: New Approaches Towards the Problem of Non-Proliferation of Weapons of Mass Destruction.

UNHCHR: Measures and Mechanisms to Enhance Equality and Counter Discrimination towards SDGs Achievement.

12.00-12.30

Coffee-break

12.30-14.00

Session II

14.00-14.30

Closing ceremony. Certificates award