Кәсіби бағдар беру жұмысы
|
ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕР! Құрметті достар, біз сіздердің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетіне келгендеріңізге қуаныштымыз! Біздің факультет 1934 жылы ҚазМУ ашылғаннан бастап құрылған алғашқы факультеттің бірі болып табылады. Қазір жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерде және мамандарды дайындау барысында қолданылатын заманауи оқу бағдарламаларына сәйкес биология және биотехнология факультеті деп аталады. Факультет құрамында 4 кафедра бар: биоалуантүрлілік және биоресурстар, биотехнология, молекулалық биология және генетика, биофизика, биомедицина және нейроғылымдар, сондай-ақ биоклиника және агробиостанция. Құрметті талапкер! Егер де сіз сапалы білім алғыңыз әрі заманауи мамандықтардың иесі болғыңыз және мансаптық өсу сатысының әрдайым жоғарылауын қамтамасыз еткіңіз келсе, біз сізді сапалы білім мен ғылыми зерттеулер жүргізуге барлық жағдайлар жасалған биология және биотехнология факультетінде күтеміз. Қызықты да керемет оқиғаларға толы студенттік жылдарға қош келдіңіздер! |
|
| БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі - Б.К. ЗАЯДАН |
ФАКУЛЬТЕТ ТҮЛЕКТЕРІ ҚАЙДА ЖҰМЫС ІСТЕЙ АЛАДЫ... |
Факультет түлектері: |
|
ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультеті республикадағы іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілетін алдыңғы қатарлығылыми орталықтардың бірі. Факультетте 4 кафедра: биотехнология, биоалуантүрлілік және биоресурстар, биофизика, биомедицина және нейроғылым, молекулалық биология және генетика; 2 ғылыми-зерттеу институты – ҒЗИ биология және биотехнология мәселелері мен ҒЗИ экология мәселелері, сондай-ақ, бірегей биологиялық мұражай белсенді жұмыс жасайды. Биология және биотехнология факультетінің биолог мамандар даярлау бойынша 87 жылдық тәжірибесі бар. |
ҚР ғылыми зерттеу институттарында: Адам және жануарлар физиологиясының ғылыми-зерттеу институты, Онкология және радиология ғылыми зерттеу институты, М. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты, Микробиология және вирусология ғылыми зерттеу институты, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Ұлттық биотехнология орталығы, Зоология институты, Жалпы генетика және цитология институты, Өсімдіктерді қорғау және карантин институты және т.б. - Биология, биотехнология, ауыл шаруашылығы, экология салаларында; Фармакология және криминалистика салаларында: ВиваФарм, Инфекцияға қарсы препараттар ҒО, Антиген және т.б.- Еліміздің ірі өнеркәсіп орындарында: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ; Байсерке Агро және т.б. - Генетика, молекулалық биология салаларында; - Гендік инженерия саласында; - Медициналық орталықтарда: Кереметтегі «Smart Health» диагностикалық медицина орталығы, «Экомед» ЭКО және репродуктивті медицина орталығы және т.б. - Білім беру мекемелерінде: Қазақ ұлттық аграрлық университеті (ҚазҰАУ), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ), Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ), І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты және т.б. |
БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ – ТҮЛЕКТЕРІМІЗ |
||
|
Смагулов Н.Э. Astаnа Motors Group президенті |
Шигаева М.Х. ҚР ҰҒА академигі |
Дос Сарбасов, PhD, Техас және Назарбаев Университеттерінің профессоры |
|
Абжанов А. PhD, Гарвард университетінің профессоры |
Илья Дигель Аахен университетінің профессоры |
Дюсенов О.К. ЖШС KazEcoSolutions директоры |
|
Байкошкарова С.Б. б.ғ.д., профессор, CliniC ECoMEd желісінің жетекшісі |
Берсимбай Р.И. ҚР ҰғА академигі |
Айтхожина Н.А. ҚР ҰғА академигі |
ФАКУЛЬТЕТТІҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ (БАКАЛАВРИАТ, МАГИСТРАТУРА, ДОКТОРАНТУРА)
Биология және биотехнология факультетінің мамандықтарына пәндерді оқыту білім алушының таңдауы бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
|
В050 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар: Биологиялық және сабақтас ғылымдар білім беру бағдарламалары – Бакалавриат |
7М051 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар Биологиялық және сабақтас ғылымдар білім беру бағдарламалары – магистратура: |
8D051 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар: Биологиялық және сабақтас ғылымдар білім беру бағдарламалары - PhD ДОКТОРАНТУРА |
|
6В05103 – Биотехнология 6В05103 – Биотехнология (НЗМ) 6В05101 – Биологиялық инженерия 6В05102 – Биология (НЗМ) 6В05102 – Биология 6В05104 – Биофизика 6В05105 – Генетика 6В05106 – Геоботаника 6В05107 – Микробиология 6В05108 – Биомедицина 6В08401 - Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау 6В05109 – Нейронаука 6В08402 – Аквакультура және су биологиялық ресурстары |
7М01504 – Биология 7М05101 – Биология 7М05102 – Биомедицина 7М05103 – Биофизика 7М05104 - IT - Генетика 7М05105 – Генетика 7М05106 – Генетика (1 жыл) 7М05107 – Генетика (1,5 жыл) 7М05108 – Фитобиотехнология 7М05109 – Биотехнология 7М05110 – Тағамдық Биотехнология 7М05111 – Тағам өнеркәсібіндегі нанотехнологиялар 7М05112 – Геоботаника 7М05201 – Қоршаған орта биотехнологиясы 7М08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау 7М05114 – Вирусология 7М05113 – Нейроғылым 7М08402 – Аквакультура және су биологиялық ресурстары |
8D05101 - Биология 8D05102 - Биомедицина 8D05103 - Биофизика 8D05104 - Генетика 8D05105 - Биотехнология 8D05106 - Тағам өнеркәсібіндегі нанотехнология 8D05107 - Фитобиотехнология 8D05108 - Геоботаника 8D05201 - Қоршаған орта биотехнологиясы 8D08401 - Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау 8D05110 - Вирусология 8D05111 - Вирусология (Пари-Саклай Университетімен қос диплом алу) 8D05109 - Нейронаука |
Білім беру бағдарламаларына сипаттама (Бакалавриат)
|
В050 - Биологиялық және сабақтас ғылымдар Білім беру бағдарламасының атауы және сипаттамасы
|
|
| 6B05103 – Биотехнология, Биотехнология (НЗМ): Биотехнологтар тамақ және фармакологиялық өндірістерде, сертификациялық, экологиялық және зерттеу зертханаларында технолог, инженер, ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істей алады. | 6B0510 – Биофизика: білім бағдарламасының бакалавриат түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыруға қабілетті: ғылыми қызметкер; зертхана маманы; маман; биолог-оқытушы; жоғары оқу орындарының оқу-көмекші персоналының маманы; зертханашы. |
| 6B05107 – Микробиология: Микробиологтар микробиолог технолог, дәрігер-зертханашы, санитарлық сарапшы, тамақ және фармакологиялық өндірістерде, сертификаттау және зерттеу зертханаларында, денсаулық сақтау органдарында жұмыс істей алады. |
6B05105 – Генетика: білім бағдарламасының бакалавриат түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыруға қабілетті: Ғылым; Білім; Медицина; Ауыл шаруашылығы; Экология және қоршаған ортаны қорғау; Сот сараптамасы. 6B05106 – Геоботаника: ғылыми қызметкер, зертхана маманы, маман геоботаник-оқытушы, жоғары оқу орындарының оқу-көмекші персоналының маманы, зертханашы. |
| 6B05102 – Биология (ғылыми), Биология (НЗМ): ғылыми-зерттеу және өндірістік қызмет; ғылыми және білім беру қызметі; эмбриология саласында; биотехнология саласында; микробиология саласында; генетика саласында; гендік инженерия саласында; ғылыми-зерттеу инсти-туттарында; диагностикалық орталықтарында. | 6В08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау: Балықтарға және басқа да су гидробионттарына биологиялық, ихтиологиялық талдаулар жасайды, балықтардың ауруларын зерттейді, суқоймалардың балық өнімділігін анықтай біледі, балықтарды қолдан ұрықтандыру технологиясын меңгерген, әдістерін біледі. |
| 6B05101 – Биологиялық инженерия (ағылшын тілінде): Биоинженерия саласындағы мамандардың қызметі: өзгертілген табиғи және жасанды ағзаларды алу және қолдану, геномдық және протеомдық талдау; аурулардың молекулярлық диагностикалау әдістерін әзірлеу; жасушалық культуралардың негізінде препарат алу. | 6В08402 – Аквакультура және су биологиялық ресурстары: Аква өсіру кәсіпорындарында жұмыс істейді, бекіре, албырт, сазан және басқа да жаңа аква өсіру объектілерінің балықтарын өсіру биотехнологиясын жүзеге асырады, гидробионттардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістерін меңгерген. |
| 6B05108 – Биомедицина: білім бағдарламасының бакалавриат түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыруға қабілетті: ғылыми қызметкер; зертханашы, ЖОО-ғы техник, ғылыми-зерттеу институттарында, санитарлық-эпидемиологиялық станцияларда зертханашы; техник, зерттеуші-лаборант. |
6В05109 – Нейроғылым: Кәсіби қызмет саласындағы кадрларды даярлау келесі қызметтерді, кәсіптерді, біліктілік деңгейлерін қамтиды (кәсіптік стандартқа сәйкес қызмет түрлерін сипаттау): - нейроғылым саласындағы зерттеуші; - практик-зерттеуші. |
Білім беру бағдарламаларына сипаттама (Магистратура)
|
7М051 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар: Білім беру бағдарламасының атауы және сипаттамасы |
|
| M082 – Биотехнология – 7M05109: Магистратураны бітіргеннен кейін қайта өңдеу, микробиологиялық, өнеркәсіптік және фармацевтикалық өндірістердің өнеркәсіптік кәсіпорнындарында және зертханаларында жұмыс жасай алады. | M080 – Биомедицина – 7M05102: білім бағдарламасының магистрант түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыруға қабілетті: ғылыми қызметкер; ғылыми-зерттеу институттарының зертханаларында, санитарлық-эпидемиологиялық станцияларда және биомедициналық мекемелерде маман; оқытушы-биомедик; техник, зерттеуші-лаборант. |
| M087 – Қоршаған орта биотехнологиясы – 7M05201: Қоршаған ортаның жағдайын бақылау ұйымдары, Биотехнологиялық өнімдерді өндіру компаниялары, Санитарлық-эпидемиологиялық станциялар, ғылыми-зерттеу институттары, Тыңайтқыштар өндіру бойынша агроөнеркәсіптік компаниялар. | M083 – Геоботаника – 7M05202: білім бағдарламасының магистрант түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыруға қабілетті: ғылыми қызметкер, зертхана маманы, маман, геоботаник-оқытушы. |
| M082 – Фитобиотехнология – 7M05108: Фитобиотехнологтың қызмет саласы: ғылыми-зерттеу жұмысы арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы дақылдарының жоғары өнімді жаңа сорттарының шығару маман; ғылыми қызметкер; өсімдіктер селекциясында, өсімдік шаруашылығында. | M080 – Биофизика – 7M05103: білім бағдарламасының магистранттүлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыруға қабілетті: ғылыми қызметкер; зертхана маманы; зертханашы; оқытушы-биофизик; жоғары оқу орындарының оқу-көмекші персоналының маманы. |
| M082 – Тағам өнеркәсібіндегі нанотехнологиялар – 7M05111: «Тағам өнеркәсібіндегі нанотехнологиялар» болашақ мамандарды келесі бағыттарда даярлайды: тұлғаның талғамы бойынша иісі, дәмі және басқа да қасиеттерін өзгертетін Smart Food функционалдық тағамөнімдерін әзірлеу; толыққанды тағамдану мәселелерін шешу; түрлі мақсаттар үшін композиттік материалдарды, т.б. | M081 Генетика (1 жыл – 7M05106, 1,5 жыл – 7M05107, 2 жыл– 7M05105): білім бағдарламасының магистрант түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыруға қабілетті: Ғылыми институттар (Жалпы генетика және цитология институты, Өсімдіктер биологиясы және өсімдік биотехнологиясы институты, Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы және т.б.); |
| M082 – Биотехнология – 7M05109: Магистратураны бітіргеннен кейін қайта өңдеу, микробиологиялық, өнеркәсіптік және фармацевтикалық өндірістердің өнеркәсіптік кәсіпорнындарында және зертханаларында жұмыс жасай алады. | M081 – IT – Генетика – 7M05104: Ғылым; Білім; Медицина; Ауыл шаруашылығы; Экология және қоршаған ортаны қорғау; Сот сараптамасы. |
| M087 – Қоршаған орта биотехнологиясы – 7M05201: Қоршаған ортаның жағдайын бақылау ұйымдары, Биотехнологиялық өнімдерді өндіру компаниялары, Санитарлық-эпидемиологиялық станциялар, ғылыми-зерттеу институттары, Тыңайтқыштар өндіру бойынша агроөнеркәсіптік компаниялар. | M134 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық ау-лау – 7M08401: Балық шаруашылығын ұйымдастыру, балық аулау кәсіпорындарындағы су қоймаларын сараптау; Бағалы балықтарды және омыртқасыз жануарларды жасанды өсіру жұмыстардың кешенін жүргізу. |
| M082 – Фитобиотехнология – 7M05108: Фитобиотехнологтың қызмет саласы: ғылыми-зерттеу жұмысы арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы дақылдарының жоғары өнімді жаңа сорттарының шығару маман; ғылыми қызметкер; өсімдіктер селекциясында, өсімдік шаруашылығында; фитофармакологияда дәрі-дәрмек немесе тағамдық қоспалардың құрамын және өндіру технологиясын әзірлеу фито-фармаколог. | 7М08402 – Аквакультура және су биологиялық ресурстары: Аквакультура кәсіпорындарын ұйымдастырады, гидробионттардың биотехнологиясында жаңа және дәстүрлі әдістерді пайдаланады, генетика,селекция әдістерін меңгерген, балықтың жынысын анықтау бойынша қазіргі заманғы УДЗ жабдықтарымен жұмыс істей алады. |
| M082 – Тағам өнеркәсібіндегі нанотехнологиялар – 7M05111: «Тағам өнеркәсібіндегі нанотехнологиялар» болашақ мамандардыкелесі бағыттарда даярлайды: тұлғаның талғамы бойынша иісі, дәмі және басқа да қасиеттерін өзгертетін Smart Food функционалдық тағам өнімдерін әзірлеу; толыққанды тағамдану мәселелерін шешу; түрлі мақсаттар үшін композиттік материалдарды, т.б. |
7М05114 – Вирусология: Білім беру (мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі жоғары оқу орындарында және басқа да оқу орындарында вирусологиялық және биологиялық пәндерді оқыту), – Мемлекеттік басқару органдары (жеке және мемлекеттік ұйымдарда, кәсіпорындарда, зертханаларда, компаниялар мен институттарда басқарушылық қызметті жүзеге асыру. |
| М082 – Тағамдық биотехнология – 7М 05109: Тағам өнеркәсібіндегі биотехнолог өндірілген тағам өнімінің сапасын бақылайды. Өнімді дайындау барысындағы процестердің бірізділігін қадағалайды. Тауарларды өндіруде өнімдердің рецептурасын жасайды және қондырғылардың жағдайын тексереді сонымен қатар, өндірістік ғимараттардағы температуралық режимді бақылайды. |
7M05113 – Нейроғылым: Кәсіби қызмет саласындағы кадрларды даярлау келесі қызмет түрлерін, кәсіптерді, біліктілік деңгейлерін қамтиды (кәсіптік стандартқа сәйкес қызмет түрлерін көрсету): - Ғалым-зерттеуші; - Практик-зерттеуші; |
| M080 – Биология (ғылыми) – 7M05101: ғылыми-зерттеу және өндірістік қызмет; ғылыми және білім беру қызметі; эмбриология саласында; биотехнология саласында; микробиология саласында; генетика саласында; гендік инженерия саласында; ғылыми-зерттеу институттарында; диагностикалық орталықтар; эпидемиология; биологиялық нанотехнологиялар; ботаникада; зоологияда. |
7М01 – Биология педагогтерін даярлау M014 – жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау M014 – Биология – 7M01504: Биолог-оқытушы, педагог, оқу-көмекші персонал маманы, зертханашы, ғылыми қызметкер, маман. |
Білім беру бағдарламаларына сипаттама (PhD докторантура)
|
8D051 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар: Білім беру бағдарламасының атауы және сипаттамасы |
|
| D082 – Биотехнология – 8D05105: Биотехнология мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын табысты меңгерген докторанттар халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар болады және ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкерлер; жоғары оқу орындарындағы оқытушылар. |
D080 – Биомедицина – 8D05102: білім бағдарламасының докторант түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыруға қабілетті: ғылыми қызметкер; ғылыми-зерттеу институттарында, ЖОО-да оқытушы-биомедик. |
| D087 – Қоршаған орта биотехнологиясы – 8D05201: Қоршаған ортаның жағдайын бақылау ұйымдары, Биотехнологиялық өнімдерді өндіру компаниялары, Санитарлық-эпидемиологиялық станциялар, Ғылыми-зерттеу институттары, Тыңайтқыштар өндіру бойынша агроөнеркәсіптік компаниялар. | D080 – Биофизика – 8D05103: білім бағдарламасының докторант түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыруға қабілетті: ғылыми қызметкер, зертхана маманы; биофизик-оқытушы, сарапшы. |
| D082 – Фитобиотехнология – 8D05107: (Фитобиотехнологтың қызмет саласы) ғылыми-зерттеу жұмысы арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы дақылдарының жоғары өнімді жаңа сорттарының шығару-маман; аға ғылыми қызметкер; өсімдіктер селекциясында, өсімдік шаруашылығында саласында жоғары оқу орнының оқытушысы. | D083 – Геоботаника – 8D05108: білім бағдарламасының докторант түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыруға қабілетті: ғылыми қызметкер, зертхана маманы, маман, геоботаник-оқытушы. |
| D082 – Тағам өнеркәсібіндегі нанотехнология – 8D05106: Биотехнологиялық өндірісте, гендік инженерияның, нанобиотехнологияның, молекулалы моделдеудің негіздері жөніндегі заманауи көзқарасты іздестіру жұмысын жүзеге асыру, заманауи аппараттар мен құрылғыларды, дала ғылыми-зерттеу және лабораториялық биологиялық жұмыстар жүргізу үшін жұмысқа қосу. | D081 – Генетика – 8D05104: білім беру бағдарламасының түлектері жұмыс істей алады: Ғылыми институттар (Жалпы генетика және цито-логия институты, Өсімдіктер биологиясы және өсімдік биотехнологиясы институты, Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы және т.б.); Мамандандырылған зертханалар (медициналық-генетикалық, СТҰ (ЭКО), криминалистикалық); Қалалық және облыстық перинаталды орталықтар; Білім беру мекемелері. |
| D080 – Биология (ғылыми) – 8D0510: ғылыми-зерттеу және өндірістік қызмет; ғылыми және білім беру қызметі; эмбриология саласында; биотехнология саласында; микробиология саласында; генетика саласында; гендік инженерия саласында. | D134 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау – 8D08401: балық шаруашылығының барлық түрлерінде субиологиялық ресурстарын тиімді пайдалануды қорғау және бақылау бойынша жұмыстар кешенін жоспарлау және ұйымдастыру; балық шаруашылығын жобалау; балық шаруашылығының барлық түрлерінде өсірілетін объектілердің сапасын басқару. |
|
8D05109 – НЕЙРОҒЫЛЫМ: Кәсіби қызмет саласындағы кадрларды даярлау келесі қызмет түрлерін, кәсіптерді, біліктілік деңгейлерін қамтиды (кәсіптік стандартқа сәйкес қызмет түрлерін көрсету): - Ғалым-зерттеуші; - Практик-зерттеуші. |
8D05110-Вирусология: Білім беру (мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі жоғары оқу орындарында және басқа да оқу орындарында вирусологиялық және биологиялық пәндерді оқыту). |
ФАКУЛЬТЕТІМІЗ ЖАЙЛЫ ПІКІРЛЕР
|
Мен, Асем Шарипбай, биотехнология мамандығы бойынша бакалаврды бітірген ҚазҰУ түлегімін жәнеде қазір бірінші курс магистрантымын. ҚазҰУ мен ISA Lille (Франция) арасындағы коллаборация арқасында, қазіргі уақытта ISA Lille университетінде білім алудамын. Кәсіби дағдыларды дамытуға аса зор көңіл бөлетін университетте білім алу мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын. ҚазҰУ профессорларына берген білімдері үшін алғысым шексіз. Бүкіл академиялық ұтқырлық кезеңіндегі шығындар Erasmus+ грантымен өтеледі. |
|
|
Мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының 2-курс магистранты Гениевская Юлиямын. Менің қазіргі айналысатын ғылыми бағытым Қазақстан бидайының саңырауқұлақ ауруларына төзімділігінің молекулалық генетикасына арналады. Біздің факультет биология ғылымының барлық аспектілерін мұндағы, молекулалық биологиядан медициналық зерттеулерге дейінгі жұмыстарды жасауға жағдай жасайды. Биотехнология кафедрасында 2014 жылдан оқимын, осы жылдарда таңдаған мамандығыма өкінбеймін. Біздің факультет студенттер мен білікті ұстаздарымен шексіз, оқытушылар кәсібін терең меңгерген мамандар, әрбір студенттерге көмектесуге дайын. Осы жылы көктемде әлемнің ең үздік университеті Oxford-қа түсуге мүмкіндік туды. Мұнда мен ҚазҰУ-нің басқа факультеттерінің студенттерімен тағылымдамадан өттім. |
|
|
Каналбек Гүлзат Қайратбекқызы, биотехнология мамандығы бойынша ҚазҰУ-нің бакалавр және магистратура түлегімін.ҚазҰУ-нің халықаралық білім беру бағдарламасына мүше болуының басты мақсаты - жоғары білім беру жүйесін дамыту, оның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Дәл осы мақсатта мен магистратурада бағдарламасы бойынша биотехнология мамандығында оқып, Белгородтық Мемлекеттік Университеті мен Қазақ Ұлттық Университетінің қос дипломын алып, техникалық ғылымдарының магистрі атандым. Бұл – оқуды енді тәмамдаған түлектерге дәрежелі жұмысқа орналасуға үлкен мүмкіндік! |
СТУДЕНТТІК ӨМІР
|
Болон үдерісі бойынша студенттік бюро жиналысы |
Балалар үйіне қамқорлық жасау |
|
Ең үздік студенттік топ |
Медеудегі спорттық шараға қатысу |
ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ
|
Университет Саленто (Италия) Біріккен оқу бағдарламасы бойынша 2-семестр білім алу |
Биотехнология мамандығы бойынша Қос диплом бағдарламасы аясында БелМУ (Ресей) білім алу |
|
Lille University (Франция) Тағам биотехнологиясы біріккен оқу бағдарламасы бойынша 2 семестр білім алу |
Ulta Electronic University (Чехия) Магистратурадағы тағылым алу бағдарламасы |
ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ


Біздің қадірлі оқытушыларымыз Алматы облысы мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде
б.ғ.д., профессор Наргул Жаппарқызы 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізуде
Алматы облысы мектептері оқушыларымен кездесу
Доцент Зифа Асанбайқызы Есік қаласы мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын өткізуде
Профессор Наргүл Жаппарқызы мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде
Доцент Батыргелді Ерденұлы Қапшағай қаласы мектеп оқушыларымен бірге






