Академик Ө.А. Жолдасбеков ескерткішіне гүл шоқтарын қою бойынша іс-шара өтті

01.03.2024

Көрулер: 147

Механика-математика факультеті 2024 ж. 1 наурыз Алғыс айту күні Қазақстан ұлттық ғылым Академиясының академигі, қоғам және мемлекет белсендісі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ұлттық инженерлік академияның негізін қалаған техника ғылымдарының докторы, профессор Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековті еске алу жиынын өткізді. Ұлттық университет Өмірбек Арысланұлы басқарған кезеңде Кеңестер Одағындағы университеттер мен жоғары оқу орындарының арасында ғылым мен жоғары білім беру ісінде айрықша үлкен жетістіктерге жетті, одақтың маңдайалды білім және ғылым ордасына, нағыз классикалық университетке айналды. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін 16 жыл басқарған ректордың ескерткішінің алдына оның ізін басып, ісін жалғастырып келе жатқан шәкірттері мен әріптестері, ұрпақтары мен студент жастар жиналды. Митингке қатысқан және онымен бірге қызмет атқарған академиктер мен ғылым докторлары естеліктер айтып, Өмірбек Арысланұлының еліміздің жоғары оқу орындары мен білікті мамандар даярлау ісінің қарыштап дамуына, білімі мен ғылымының, ақыл-ой қуатының артуына, қоғамдық санасының кемелденуіне аса зор еңбек сіңірген алып тұлға екенін атап айтты.